Кешенді сипаттағы көші–қон

Тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың жаһандану үрдісіне жауап беретін және ұлттық қауіпсіздікті нығайту, демографиялық жағдайды, мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту мақсатында өзіндік көші-қон саясатын жүргізіп келеді. Бұл міндеттер «Қазақстан Республикасының 2017–2021 жылдарға арналған көші-қон саясатының Тұжырымдамасында» кеңінен көрініс тапты. Мұндағы басты ұстаным – этникалық қазақтардың мемлекетке ерікті түрде оралуын ынталандыру саясатын жүргізу болып табылады.

Аталған Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы халықаралық міндеттемелеріне, 2015 жылғы қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен қабылданған 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму мақсаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауынының талаптарына сәйкес әзірленді.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының күтілетін экономикалық, әлеуметтік және демографиялық даму перспективаларымен, сыртқы саясатымен, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық процестермен және жаһанданудың жалпы әлемдік үрдістерімен өзара байланыста Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының стратегиялық мақсаттарын, міндеттерін және бағыттарын айқындайды.
Ақмола облысында 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдайға сәйкес, 1991-2020 жылдар аралығында алыс және жақын шетелдерден келген отандастарымыздың 39957 адамды құрайтын 8870 отбасы тұрады.
Этникалық қазақтардың басым бөлігі Моңғолиядан көшіп келді. Ағайындарымыздың арасында 4248 отбасынан тұратын 21540 адам бар. Ал, Өзбекстаннан 2619 отбасы (11670 адам), Қытайдан 1075 отбасы (3279 адам), Ресейден 796 отбасы (2938 адам), Қырғызстаннан 61 отбасы (225 адам), Түркменстаннан 48 отбасы (226 адам), Түркиядан 2 отбасы (5 адам), сондай-ақ, ТМД-ның басқа мемлекеттерінен (Украина, Тәжікстан, Грузия) 21 отбасы (74 адам) қатарымызға қосылды.
Этникалық көшіп келушілер облыстың барлық өңірінде тіршілік кешуде. Ақпараттық талдамалар бауырларымыздың көпшілігі Ерейментау ауданында – 1320 отбасы (5502 адам), Бұланды ауданында – 1134 отбасы (6470 адам), Целиноград ауданында – 1109 отбасы (4883 адам), Көкшетау қаласында – 1097 отбасы (3882 адам) отау тігіп отырғанын көрсетеді.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 1 маусымға дейінгі аралықта оралман мәртебесін 39 отбасы (67 адам) алды. Бұлардың арасында Қытайдан қоныс аударған 38, Моңғолиядан 18, Өзбекстаннан 7 және Ресейден 4 қандасымыз бар.
Оралмандар үшін мемлекеттік қолдау шаралары көшуге және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге көмек қаржыны қарастырады. Яғни: 1) көшуге – отбасының әрбір мүшесіне бір жолғы отыз бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде (97 230 теңге); 2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге – отбасы құрамына байланысты қалалық жерге көшіп келгендерге 20 АЕК-тен (55 560 теңге) 30 АЕК-ке дейін (83 340 теңге) ай сайын және он екі ай ішінде; 3) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге – отбасы құрамына байланысты ауылдық жерге көшіп келгендерге 15 АЕК (41 670 теңге) пен 21 АЕК дейін (58 338 теңге) ай сайын және он екі ай ішінде көмекқаржы беріледі.
Ақмола облысына оралмандарды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасы 258 адам санында бекітілді. Ағымдағы жылдың басынан бері арнайы комиссияның 4 отырысы өткізіліп, мүмкіндіктерді саралау барысында оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына 196 адам қосылып отыр.
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылғандардың еңбекке қабілетті жастағылары 87 адамды құрайды, олардың ішінде 53 адам ресми жұмысқа орналастырылса, 19 кісі жеке қосалқы шаруашылықпен айналысады.
Қазақстан Республикасында ел ішіндегі халықтың көші-қон белсенділігі жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Ішкі көші-қондағы басым нысан ауылдық өңірлерден қалаларға қоныс аудару болып отыр. Сондай-ақ, «Дипломмен – ауылға!» жобасының шеңберінде, 2009 жылдан бері ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Мәселен, мұндай мамандар үшін 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу, тұрғын үй алуға және салуға жеңілдік пайызбен бюджеттік кредит беру көзделген. Жобаны іске асыру ауылдық жерлерге кадрлар ағынының айтарлықтай өскенін білдіретін оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарының келуі облыстың барлық аудандарында орын алды. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты әлеуметтік жоба шеңберінде, «Серпін – 2050» білім беру бағдарламасы табысты сипатқа ие.
Тұжырымдама талаптары бойынша, 2011 жылдан бастап экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден өңір ішінде, сондай-ақ, 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге өз еркімен қоныс аудару жүзеге асырылды. Бұл ретте де Ақмола облысы абыройлы сапта деп айта аламыз.

Едіге Исенов,
облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар