21 маусым – Медицина қызметкерлері күні

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті денсаулық сақтау қызметкерлері мен ардагерлері!
Баршаңыз кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен шыққан ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар! Сіздердің әрқайсыңыз өз өмірлеріңізді жер бетіндегі ізгілікті іс – халықтың денсаулығын сақтау ісіне арнадыңыздар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт денсаулығын қамтамасыз етуді басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетті. COVID-19 дертімен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен 532 миллион теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, осы мақсат үшін облыстық бюджеттен 80 миллион теңге қаржы бөлдік.
Қазіргі аса күрделі кезеңде облысымыздың дәрігерлері қайырымдылық пен жанашырлықтың үлгісін көрсете жүріп, азаматтарымыздың денсаулығын сақтау үшін COVID-19 дертінің аймағымызға таралу қаупіне тоқсауыл қою жолында жанқиярлықпен еңбек етуде. Алғы шепте жүрген, тәулік бойы және мереке күндері өз жұмыс учаскесінде еңбек етіп келе жатқан барлық медициналық қызметкерлерге зор алғыс сезімімді білдіремін. Денсаулық сақтау саласына бүгінде ерекше көңіл бөлінуде. Бірінші кезекте – бұл жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу мен қалпына келтіру жұмыстары. 2020 жылы Көкшетау қаласында 150 орындық онкологиялық емхана, сондай-ақ, Степной және Софиевка селоларында дәрігерлік амбулатория, Қосшыда 630 орындық емхана салынбақшы. «Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларының шеңберінде көптеген аудандарда денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылуда.
Соңғы үш жылдың ішінде денсаулық саласының материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылып, облыстың денсаулық сақтау мекемелеріне 5,1 миллиард теңге қаржы бағытталды, оның ішінде биылғы жылы 216 дана медициналық құрал-жабдық сатып алу үшін 1,7 миллиард теңге бөлінді. Сонымен бірге, коронавирус жұқпасына қарсы күреске жергілікті атқарушы органның төтенше жағдай резервінен 365 дана медициналық құрылғы сатып алу үшін 563 миллион теңге қаржы бөлініп отыр.
Жыл сайын медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсіп келеді, айталық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің орташа айлық жалақысы 30 пайызға өсті. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында облыс орталығындағы Сарыарқа шағын ауданында дәрігерлерге арналған 40 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласы ардагерлеріне арнайы алғыс сөзімді жолдаймын. Сіздер – отандық медицина саласының негізін қалаушыларсыздар, Ақмола облысының денсаулық сақтау саласын дамытуға орасан зор үлестеріңізді қостыңыздар және әлі де қосып келесіздер. Сіздер негізін салған тамаша дәстүрлер тәжірибе мен осы заманғы білімге ұштастырыла отырып, біздің аймақтың алдында тұрған үлкен міндеттерді шешуге елеулі ықпалын тигізіп отыр.
Барлық медициналық қызметкерлерге зор құрметімді білдіре отырып, сіздердің ауыр да жауапты еңбектеріңіз, өздеріңіз таңдаған мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңыз, әрбір ақмолалықтардың өміріне қосып келе жатқан баға жеткізгісіз үлестеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін.
Сіздердің жеке бастарыңызға және жақындарыңызға зор денсаулық, береке-бақыт, кәсіби табыстар және біздің еліміз – Қазақстан Республикасының одан әрі гүлденуі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздердің қолдарыңызда әлемдегі ең қымбат нәрсе – адамның денсаулығы мен өмірі тұр. Күн сайын аса күрделі сәттерде адамдарға көмекке келе отырып, жанқияр ерлікке барасыздар, кейде ажалмен арпалысып, науқастардың өмірі мен денсаулығы үшін күресіп, бар жауапкершілікті мойындарыңызға аласыздар.
Құрметті дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер, санитарлар мен күтушілер! Өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз бен қайырымдылықтарыңыз, адамдарға деген жанашыр
жылы пейілдеріңіз үшін сіздерге мың алғыс айтамыз!
Бүгінгі эпидемиологиялық қиын жағдай кезінде сіздер адамдардың денсаулықтары үшін күресіп, сағат сайын тәуекелге барып жүрсіздер. Бойларыңыздағы мол тәжірибе мен кәсіби білім, біліктіліктеріңіз, өз істеріңізге деген үлкен жауапкершілік пен адалдықтарыңыз әрдайым қайырымдылық пен жанашырлық идея-сына қызмет етеді және аурудың алдын алуға, халық арасындағы салауаттылықты орнықтыруға көмегін тигізеді деп сенемін.
Баршаңызға амандық, жеке бастарыңыз бен отбастарыңызға береке, бақыт, табыс, ең бастысы – мықты денсаулық тілеймін!
Серік Аяғанов,
Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар