Тағзым

22 маусым – ел ардақтысы, Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Еркін нұржанұлы Әуелбековтің туғанына – 90 жыл!

Көкшетау қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистiк Еңбек Ерi Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің туғанына 90 жыл толуына орай, Сәтпаев көшесіндегі өзі тұрған үйге орнатылған ескерткіш тақтаға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан және басқа да қоғамдық орындардан гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті.

– Өзінің бар саналы ғұмырында еліне, халқына адал қызмет етуді ғана білген жаны таза, болмысы кіршіксіз Еркін Әуелбеков Көкшетау, Торғай және Қызылорда облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы лауазымдарында, басқа да қызметтерде артында өшпестей із қалдырды. Ерекеңнің қайсарлығы, өжеттігі, ұлтжандылығы жайлы ел арасында айтылып жүрген аңыз әңгімелерге қарағанда, кемеңгер тұлғаның туған халқына деген шексіз сүйіспеншілігін айқын сезінгендей боламыз. Өйткені, үлкен жүректі мұндай адам сирек туады, – деді шараны ашқан Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев.
Осы тағылымды шарада Көкшетау қаласының құрметті азаматы, денсаулық сақтау саласының ардагері Болат Жанәділов, партия, кеңес ардагері Ашот Мурзин, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, қоғам қайраткері Фарук Богапов, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жібек Бағысова және туған бауыры Болат Әуелбеков сөз алып, қоғам қайраткерінің талантты ұйымдастырушылық, зор адамгершілік қасиеттеріне ерекше тоқталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар