Облысымызда тағы 21 адамнан коронавирус анықталды

Облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  облыста COVID-19 жұқтырудың 349 фактісі тіркелді.

Оның ішінде Көкшетау қаласында жаңадан 11 адамның жұқтырғаны анықталды. Ал, Аршалы ауданында – 4, Целиноград ауданында – 2 (Ақмол және Қосшы ауылдарында бір бірден) жағдай анықталды. Атбасар, Бұланды, Шортанды аудандарында және Степногорск қаласында қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 1 адамға ұлғайды.

Жұқтырғандардың сегізі 65-32 жас аралығындағылар ер адам, он екісі 58-25 жас аралығындағы әйелдер. Сонымен қатар, коронавирус 2017 жылы туған үл балада анықталды.

Қазіргі таңда облысымызда COVID-19 жұқтырғандардың саны 349 адамды құрайды. Оның ішінде 147 адам жазылып, үйлеріне жіберілген.

Aslan OSPANOV

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар