Волейбол: «Ұшқын – Көкшетау» командасы ел чемпионы атанды

Волейболдан Қазақстан Республикасы чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды. 48 ұпай жинаған көкшетаулық «Ұшқын – Көкшетау» волейбол клубы чемпионат жеңімпазы атанды.

Ақмола облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның айтуынша, Қазақстанның волейбол федерациясы коронавирус пандемиясына байланысты ерлер арасында волейболдан ел чемпионатын уақытынан бұрын тоқтатты. Чемпионатқа барлығы он команда қатысты. Оның ішінде «Ұшқын – Көкшетау» волейбол клубы турнир кестесінде 48 ұпаймен бірінші орында тұрды. Сол себепті, көкшетаулық команда – чемпион, ал одан кейінгі жүлделі екінші және үшінші орындарды Орал және Қызылорда командалары өзара бөлісті.

– Біз жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз. Бірлесіп жоғары нәтижеге қол жеткіздік, – дейді «Ұшқын – Көкшетау» командасының капитаны Қанат Ғабдуллин.

Жақында Нұр-Cұлтан қаласында Қазақстанның волейбол федерациясы жеңімпаздарды марапаттады.

Алпысбай СЕЙІТ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар