Өңірімізде қола және ерте темір дәуірінің ескерткіштері табылды

Өңірімізде қола және ерте темір дәуірінің ескерткіштері табылды

Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының жанындағы Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы директорының міндетін атқарушы Серік Ысқақовтың айтуынша, 2020 жылдың маусым айында жоспарға сай жаңа археологиялық объектілерді анықтау мақсатында Атбасар ауданында барлау жұмыстарын жүргізілді.

Аудан аумағында 100-ден аса археологиялық нысандар орналасқан болса, археологиялық барлау жұмыстары кезінде қола және ерте темір дәуіріне жататын тағы 20-ға жуық жаңа археологиялық ескерткіштер анықталды. Ескерткіштерді визуалды қарау кезінде қорғанның ортасында темір қылыш табылды. Қылыштың жалпы ұзындығы 79 см тұтқасының ұзындығы 6,5 см, қалыңдығы 0,4 – 0,8 см, ені 0,7 – 2,8 см. Қылыштың ұшы 14 см, екі жағы да ұшталған, сұқпасы 58 см, бір жағы ұшталған, үсті тот басқан, сақталуы орташа. Тұспасы мен сұқпа тұсында ұзындығы 11,5 см, қалыңдығы 0,1 – 2 см, ені 0,5 – 1 см, тіреуіш бекітілген. Қылыштың ортаңғы және ұшы майысқан, бәлкім ауыр тастардың салмағынан болар. Қылыштың пішіні мен анықталған орнына қарағанда, Солтүстік Қазақстан жерін ерте темір дәуірін мекендеген тайпалардың дәстүрін сипаттайды.

Айталық, Магдалиновка V қорымы Магдалиновка ауылынан батысқа қарай 1,3 км, Есіл өзенінің сол жағалауынан 300м жердегі биік қырдың үстінде орналасқан. Қорым алғаш рет 1992 жылы анықталып, 2006 жылы А.А. Плешаковтың жетекшілігімен СҚАЭ қайта зерттелген.

Алпысбай СЕЙІТ.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *