Зеренділік дәрігерлердің баспана мәселесі шешілмекші

Зеренді ауданында медицина қызметкерлері үшін тұрғын үй салынады. «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филилалының баспасөз хатшысы Динара Дүйсеннің мәліметінше, бүгінгі таңда ауданда денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген 36 медицина қызметкерінің жеке баспанасы жоқ. Оның ішінде 7 дәрігер мен 9 орта медицина қызметкері «Дипломмен ауылға!» бағдарламасымен келіп, үй кезегіне тұрғандар. Бұдан бөлек ауданда тағы 19 медицина қызметкері жетіспейді.

Зеренділік дәрігерлердің баспана мәселесін шешу үшін наурыз айында 5 қабатты 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаты жасалды. Шілде айында мәслихаттың шешіміне сәйкес қаржы бөлініп, үйдің құрылысы басталады, дейді Динара Дүйсен.

Алпысбай СЕЙІТ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар