Көкшетауда комбайн шығарылады

Көкшетау қаласында орналасқан Қазақстан аграрлы-инновациялық корпорациясының ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникаларын шығарумен айналысатыны белгілі. Ал, біздің облыста комбайндар тапшылығы бар екендігі анық. Сондықтан, өндірісті ұлғайту үшін корпорация комбайн шығаруды қолға алмақшы.

Біз аграрлы аймақпыз. Сондықтан, мұнда ауыл шаруашылығы техникаларына деген сұраныс өте жоғары. Бірақ, шаруалар қажетті комбайндарды көбіне шет елден сатып әкеледі. Енді бұл техника Ақмола жерінде шығарыла бастайды. Артықшылығы сол – отандық өндіріс дамиды, бағасы қолжетімді болып, автобөлшектері де жергілікті жерден табылады.

–Біз комбайн құрастыруды бастайын деп отырмыз. Бұл өзіміз өндіретін жаңа техника болмақшы. Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі жақсы дамыған. Шаруалар арасында да комбайнға сұраныс көп. Енді осындай қажетті комбайндар сырттан әкелінбейді. Өз елімізде құрастырылады, дейді жоғарыда аталған корпарацияның дайындау бөлімінің шебері Азат Шегіров.

Көкшетаудағы бұл машина жасайтын компанияның негізі қаланғаннан бері еңбек етіп келе жатқан жас мамандардың бірі Наиль Богапов. Ол сандық бағдарламалық басқару аппаратында жұмыс істейді. Оның міндеті –өнімді дайындаудың екінші кезеңінде қажет болатын бөлшектерді әзірлеу. Қазір ол автоматтандырылған станок арқылы «МТЗ»-ға керекті жиынтық бөлшектерді дайындап жатыр. Станокта ол күн сайын мұндай құралдың 40 данасын істейді. Одан 10 тракторға шөп жинақтауға қажетті жабдық түрі дайындалады. Мұндай сандық бағдарлама арқылы басқарылатын станок Қазақстанда енді дамып келе жатыр. Көкшетауда оның тілін білетіндер де аз. Солардың бірі – осы Наиль. Ол сондай-ақ компьютерде 3D үлгілерін жасап, оларды жүйеге қосады.

–Мен бұл компанияға машина құрылысының келешегі бар сала болғандықтан келдім. Маған бала кезден бөлшектерді құрастыру, сызба сызу ұнайтын. Осы жерде компания құрылғаннан бастап жұмыс істеймін. Осы уақыт аралығында ауыл шаруашылығы техникасына қажетті барлық бөлшектерді жасауды меңгеріп алдым. Олар неден жасалатынын, сапасы қандай екендігін сеніммен айта аламын, –дейді сандық басғдарламалық басқару операторы Наиль Богапов.

Компания басшылығы игерім үлесін көбейтуді көздейді. Мысалы, «МТЗ» тракторына жинақтаушы жабдықтары дайын түрде келеді. Көкшетаудағы зауыт тек оны құрастыруға ғана жауапты. Ал жақын арада кәсіпорын комбайнды толығымен өздері шығарады.

Ы.ШАМШИЕВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар