2020 жылғы мамыр айы үшін Ақмола облысындағы инфляция және қаржы нарығындағы жағдай туралы

Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысының статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы мамырда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2019 жылғы желтоқсан айына қарағанда 103,1 пайызды, 2019 жылдың тиісті кезеңінде – 101,9 пайызды, республикалық мағынада – 103,7 (102,4 пайызды) құрады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,5 пайызға арзандады, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 2,1 пайызға, азық-түлік тауарлары – 6,4 пайызға қымбаттады.
2020 жылғы 6 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме жылдық 9,5 пайызды құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 1,1 пайызға өсті, 90,0 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері 31,5 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері 58,5 миллиард АҚШ долларын құрады.
Облыстағы қаржы нарығының жағдайы.
2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттарымен екінші деңгейдегі банктердің 16 филиалы және «Қазпочта» АҚ Астана филиалы «Астана почтамты» Көкшетау ҚПБТ бар.
Валюта нарығы. 2020 жылдың мамыр айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 418,09 теңгені, еуроға – 455,18 теңгені, ресей рубліне – 5,75 теңгені құрады.
2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Ақмола облысының аумағында 89 айырбастау пункті жұмыс істейді, оның ішінде: 60 – банк филиалдарының, 22 уәкілетті ұйымның 29 айырбастау пункті бар.
2020 жылғы мамыр айында облыстағы айырбастау пункттері 5,8 миллион АҚШ долларын, 0,6 миллион еуро және 439,1 миллион ресей рублін сатты.
Депозит нарығы. 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банктердегі депозиттерінің жалпы көлемі 177,5 миллиард теңгені құрады. Бұл 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,1 пайызға өсті, өткен аймен салыстырғанда 1,5 пайызға өсті.
Депозиттердің жалпы сомасында теңгемен салынған депозиттердің үлес салмағы 77,1 пайыз.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 8,93 пайыз, шетел валютасы бойынша – 1,05 пайыз болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққандағы депозиттердің орташа мөлшері 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 240,9 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 232,4 миллиард теңгені құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,3 пайызға артық, ал өткен аймен салыстырғанда 0,7 пайызға өсті.
2020 жылғы мамыр айында облыс банктері сомасы 13,6 миллиард теңгеге кредит берді, бұл 2020 жылғы сәуір айынан 23,6 пайызға артық.
2020 жылғы мамыр айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 14,1 пайызды құрады.
2020 жылғы мамырда теңгемен кредиттердің үлес салмағы 99,8 пайызды құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 85,1 миллиард теңгені құрады. 2020 жылғы мамыр айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің көлемі 2020 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 2,2 есе өсіп, 3 855,7 миллион теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 43,9 миллиард теңгені құрады. 2020 жылғы мамыр айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 1 391,2 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 2 есе немесе 668,9 миллион теңгеге өсті.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2020 жылғы 1 маусымға 43,0 миллиард теңгені құрады. 2020 жылғы мамыр айында сомасы 3 762,0 миллиард теңге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 0,6 пайызға азайды (2020 жылғы сәуірде – 3 783,5 миллиард теңге берілді). Орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 11,1 пайызды құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
Айналымдағы төлем карточкаларының саны 2020 жылғы 1 маусымға 967,9 мың бірлікті құрайды, өткен аймен салыстырғанда 3,3 пайызға өсті, республикалық көлемнен 2,5 пайызды құрады, Ақмола облысы бойынша бұл карточкаларды ұстаушылар саны 855,0 мың адамды құрады, өткен аймен салыстырғанда 7,7 пайызға өсті.
2020 жылғы мамыр айында төлем карточкалары пайдаланылған транзакциялар көлемі 66 857,3 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 30,2 пайызға өсті). Транзакциялар саны 3 926,9 мың транзакцияны құрап, 34,0 пайызға өсті. Қолма қолсыз төлемдер саны 35,6 пайызға өсіп, 3 061,1 мың транзакцияны құрады, сомасы 35,8 пайызға өсіп, мөлшері 29 867,5 миллион теңгені құрады. Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 28,6 пайызға, саны 865,8 мыңға дейін өсті. Сомасы 26,0 пайызға өсті, мөлшері 36 989,8 мың теңгені құрады.
2020 жылғы 1 сәуірге төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі мына түрде ұсынылған: 3 827 POS-терминал, 364 банкомат, 2 521 кәсіпкерлер; 3 222 сауда нүктелері.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасаған кәсіпкерлер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар