Жақыныңа жанашыр бол: «Коронавирус келесі жылы да жалғасады. Бірақ…»

Қытай инженерлік ғылымдар академиясының академигі, елдің жетекші эпидемиологтарының бірі Чжун Наньшань коронавирустың аяқталу мерзімін атады, деп жазады Tengrinews.kz.

Эпидемиологтың айтуынша, COVID-19 алдағы қыс мезгілі мен көктемде жойылмайды, алайда коронавирустың екінші толқын ауқымды болмайды екен.
– «Эпидемия қыста, көктемде жойылмайды. Сондықтан, қыста, келесі жылдың көктемінде де жұқтырудың өсуі жалғасуы мүмкін. Бірақ, әлемді жайлағын қауіпті індеттің бірінші толқын секілді екінші толқыны аса ауқымды болады деп ойламаймын», – дейді Чжун Наньшань.
Десе де, вирусолог қажет уақытта инфекцияның жергілікті өршуінің таралуына жол бермеу үшін әуе рейстерін қысқарту, оқу орындарында сабақтарды тоқтату сияқты қысқа мерзімді қатаң шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен. Қытай билігі 2019 жылғы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын елдің орталық бөлігіндегі Ухань қаласындағы Хубей провинциясында белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлаған болатын.
Мамандар аурудың қоздырушысы коронавирустың жаңа түрі екенін анықтады, кейінірек инфекцияға ресми COVID-19 деген атау берілді. Осылайша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19 пандемиясын жариялаған болатын. Қалай десекте, қауіпті індеттің өршіп тұрғаны жасырын емес. Сондықтан, сақтанғанымыз өзіміз үшін. Санитарлық режимді сақтап, маска кию мен антисептикалық құралдарды пайдалануды естен шығармайық.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар