Дәрі-дәрмек мөлшері жеткілікті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингте елімізде коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру шаралары туралы айтып берді.

Брифинг барысында министр ел үкіметі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін әзірлеген жаңа шаралар кешенімен таныстырды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға және оның бизнеске әсерін есепке ала отырып, министрлік бірнеше карантиндік шектеу шараларын қабылдауды ұсынып отыр. Алексей Цойдың айтуынша, жақын арада мемлекеттік комиссия бұл шаралар бойынша нақты шешім қабылдамақшы.

-Коронавирустық инфекция қазақстандықтардың өмір сүру дағдысына қатты әсер етті. Бірқатар көршілес елдердегі шиеленіскен жағдайға қарамастан мемлекетіміздің шекараны санитарлық қорғауына бағытталған шаралары инфекцияның шетелден әкеліну деректерін тоқтатуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда індет «үй жағдайында» таралу кезеңінде. Ауру халық арасында кең таралып, шамамен әрбір отбасы вируспен бетпе-бет келуде. Аурудың таралуы күн сайын ұлғайып барады. Үстіміздегі жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 40 мыңға жуық науқас анықталды, – деді министр.

Сондай-ақ, Алексей Цой еліміз бойынша барлық медициналық мекемелердің күшейтілген санитарлық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты. Өкінішке орай, науқастарды емдеуге жұмылдырылған медициналық қызметкерлер арасында да ауру жұқтыру деректері тіркелуде. «Бұл дәрігер мамандарының тапшылығы мәселесін қиындата түскенімен, елімізде ақ халаттылар жеткілікті, жағдайды бақылаудан шығармауға тырысып жатырмыз», – деген Алексей Цой Үкімет тарапынан қолға алынған жаңа шаралар жағдайды тұрақтандыратынын жеткізіп, халық арасында дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты тарап жатқан ақпараттардың жалған екенін, елімізде қызуды түсіретін препараттар жеткілікті мөлшерде өндірілетінін және өңірлерге жеткізу реттелгенін айтты. Халық

арасындағы бұл дүрбелеңдерді ескере отырып, дәрі-дәрмекті жеткізу және сатып алу тәртібін қайта қарауға шешім қабылданған.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

#Жақыныңа жанашыр бол

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар