Шынар ҰБТ-да 132 балл жинады

ҰБТ қорытындылары бойынша Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының биылғы түлегі Шынар Думанбек 132 балл жинады. Айта кетейік, ең жоғары балл – 140.

«Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады» деген жақсы сөз бар. Шынар бала күнінен үйінен жырақта жүріп, мектеп-интернат қабырғасында білім алған жан-жақты, ізденімпаз оқушы. Бұл жетістігін ол ұстаздарының еңбегі деп бағалайды.
–Мектеп-интернаттағы әр күнімді босқа өткізбей, үнемі ізденіп, талаптанып жүрдім. 8-сыныптан бастап биология-химия бағытын таңдап, ұстаздарыммен жүйелі түрде дайындалдым. Көптеген пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайыс-тарына қатыстым. Пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің, ал ғылыми жобалар сайысының республикалық кезеңінің жүлдегерімін. Бүгіндегі қол жеткізген жетістігіме қуаныштымын. Бұл ең алдымен маған сенім артып, мақсатқа жету жолында еңбектенуді үйреткен аяулы ұстаздарымның, әрқашан қолдау көрсетіп отырған ата-анам мен жақындарымның арқасы, –дейді жас талапкер.
Шынар жалпы білім беретін пәндер бо-йынша облыстық пәндер олимпиадасының бірнеше мәрте жүлдегері. Ол қоғамдық өмірде де өте белсенді. Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшесі, «Eco-Álem» республикалық жазғы экологиялық лагеріне қатысып, онда да жоба қорғап, белсенділігі мен жоба мазмұндылығы үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Жас түлек болашақта химия-биология пәндерінің мұғалімі болғысы келеді.
–Осы жылғы және келер жылғы түлектерге ҰБТ-ға дайындықтары жүйелі болса, ешқандай шпаргалка, телефонсыз шынайы тапсырып, жоғары балл алу мүмкін екенін айтқым келеді. Алдағы күндерде ҰБТ тапсыратын түлектерге сәттілік тілеймін, –деді ол.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар