6 шілде – Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы күні

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді мемлекетіміздің ұлық мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке өте зор қоғамдық-саяси маңызға ие және әрбір қазақстандық үшін шын мәнінде жалпыхалықтық мереке болып саналады.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың астананы ауыстыру туралы шешімі халқымыз үшін тарихи маңызы зор оқиға болды.
Өткен 22 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан қаласы тәуелсіз мемлекетіміздің қол жеткен жетістіктері мен гүлденуінің символына айналды. Қазіргі еліміздің бас қаласы – бұл астанамыздың мақтанышына айналған сәулет өнерінің ең батыл шешімдері. Қала құрылысының қазіргі заманғы ең озық технологиясымен, ерекше ғимараттарымен астанамыз әлемге танылып отыр.
Нұр-Сұлтан қаласы ырғақтылығы мен жарықтың барлық – Батыс, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік бағыттық мәдениетінің үйлесімімен ерекшеленеді. 22 жылдың ішінде астанамыз тек Орта Азия елдерінің ғана емес, барша Ислам әлемінің, сондай-ақ, ТМД және Еуропа елдерінің саяси өмірінің, жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешетін әлем көшбасшыларының басын қосатын орталығына айналды.
Астана күніне арналған құттықтауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былай деп атап көрсеткен еді: «Барша қазақстандықтардың бірлігінің символына айналған Нұр-Сұлтан қаласының құрылысына еліміздің барлық өңірлері өз үлестерін қосты. Біздің Отанымыздың жүрегі дәл осы жерде соғып тұр, еліміздің жарқын болашағы үшін маңызды барлық шешімдер осы жерде қабылданады және жаһандық маңызы бар саяси оқиғалар түгел осы жерде өтеді. ТМД Самиттері, Шанхай ынтымақтастығы қауымдастығы, Еуразия экономикалық одағы, Еуропаның қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымы, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі – осы және басқа да шаралар Қазақстанның бас қаласының тұрақты бейнесіне айналып отыр».
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен құттықтай отырып, шын жүрегімнен ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасын өркендетуде береке мен бейбітшілік, жетістіктер мен табыстар тілеймін!

Барша ақмолалықтарды мемлекеттік мереке – Астана күнімен құттықтаймын!
Нұр-Сұлтан – бұл жай ғана елорда емес, бұл өзінің қайталанбас өмір салтына ие ерекше қала, болашаққа ұмтылған, үдемелі және қарқынды дамудың ауқымды, өршіл жоспары бар қала. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерік-жігерінің арқасында біздің еліміз Еуразия орталығында ірі саяси, экономикалық, мәдени және білім беру орталығын құрып, дамуға, ілгерілеуге және жасампаздыққа қуатты серпін алды.
Елордамыз жыл сайын көркем әрі ыңғайлы қала болып келеді. Ғаламшардың бұл бұрышы біз үшін бақытты кездесулер мен қуанышты оқиғалардың орны болуын, оның гүлденуі мен қазақстандықтарға жақсы үміт сыйлауын шын жүректен тілеймін. Ортақ үйімізде бейбітшілік, жылылық, қуаныш пен жарқын күн туа берсін! Әрбір атқан таң жақсы жаңалықтар мен оқиғалардан басталсын, ал ең құнды қасиеттер мейірімділік пен адамгершілік болып қала берсін!

Серік АЯҒАНОВ,
Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар