5 шілде – Ұлттық домбыра күні

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні. Бұл мереке Елбасының қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласында 2000 күйшінің басын біріктірген домбыраның қоңыр үнімен бекітілген еді.  Сарыарқаның сайын даласын тербетіп домбыра күні атап өту дәстүрге айналып келеді.

Домбыра – қазақтың киесі, қа­сиеті, қазынасы. Қазақ пен дом­быра егіз ұғым! Ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында тың бас­та­ма­­лар бой көтеріп, көптен бері қол­­дау таппай жүрген игі дү­ние­лер қайта жаңғырып жатқаны да рас.

Елбасы айтып өткендей, аңыздармен аяланып, тарих сырын шертуге келгенде де Көкшетау-Бурабай өңірі күмбірлеп қоя береді. «Халқына суықта пана, ыс­тықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттер» де осында.

Орынбай ақынның, Шөже, Біржан сал, Ақан се­рі, Үкілі Ыбырайдың, Балуан Шо­лақтың, Иманжүсіп Құтпанұлының есімдерін атасақ, даналық сөздерін толғап, толқынды әндерін айт­сақ – Көкшетау қасиеттері, өзін­дік даралығы толығып, елі мен жерінің шоқтығы биіктей тү­седі. Ән мен жырдың бесігі, сал­ мен серілердің елі, тектілік пен дег­дарлықтың белі Көкшетау. Қасиетті рухани құн­­ды­лықтар да, киелі жерлер де же­терлік. Домбыраны жанына серік еткен серілердің қатарында Көкшенің көк нөсеріндей жыр жауһарын төгіп Мұса Асайыновтай, Көкен Шәкеевтей ақындар да өткен. Елі есен тұрғанда халық ақын-жыршылары да жасай бермек, сұлу жырларынан бүгінгі ұрпақ сусындай бермек.

Бүгінгі Тәуелсіз еліміздің төрінде домбырамыздың шанағынан тек шаттық үні төгілсін! Ұлы байтақ даланың бүгінгі ұрпағы, асыл байлығымыз, рухымыздың күші – Дом­бы­рамызды ұлықтайық! Ұлтымыздың киесі болған  домбыраның қасиетін қастерлеп,  келер ұрпаққа жеткізейік!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар