Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасын мерейтойымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасын мерейтойымен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан ерекше үлесі мен рөлін атап өтті.

– Бүгін тарихи күн – Елбасымыздың 80 жылдығы. Ол – қазақ халқының ұлы қайраткері, ұлы перзенті. Бүкіл әлем солай деп санайды. Елбасы шын мәнісінде ұлы адам, біз бұл туралы айтуымыз керек. Әрбір халық өзінің көрнекті тұлғаларымен танымал және әрбір халық өзінің тарихи қайраткерлерімен мақтануы керек, – деді Мемлекет басшысы.

https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-elbasyn-mereytoyymen-kuttyktady_a3669720

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *