«Тыныс» тынысымызды аша түсті

«Тыныс» тынысымызды аша түсті

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының құрылымына кіретін Ақмола облысының ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі «Тыныс» акционерлік қоғамы Көкшетау қаласының қала құраушы кәсіпорындарының бірі болып табылады. Қызметтің негізгі бағыттары: авиациялық техникаға бөлшектер мен тораптарды шығару, полиэтилен құбырларын, өрт сөндіру құралдарын, газ-бекіту, медициналық және өлшеу техникасын, жеке қорғаныс құралдарын шығару болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жаңа коронавирусты пандемия деп жариялауына байланысты төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап «Тыныс» АҚ қауіпсіздік пен гигиенаның барлық стандарттарын қатаң сақтай отырып, жұмысын тоқтаусыз жалғастыруда. Әрбір қызметкер жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген, өндірістік үй-жайлар әр сағат сайын дезинфекцияланады, қызметкерлерді орталықтандырылған тасымалдау жүзеге асырылуда. Кәсіпорын қызметкерлері орталық дәлізден кіру-шығу барысында спирт ерітіндісімен дезинфекциялық өңдеу аймағынан өтеді. Сондай-ақ, құрылымдық бөлімшелердің барлық қызметкерлері кәсіпорын аумағында қорғаныш маскалары мен зарарсыздандыру құралдарын пайдаланады.

«Тыныс» АҚ үздіксіз жұмыс істейтін кәсіпорындарға жатады және өңірдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қызмет түрлерін кеңейтіп отыр. Кәсіпорын халықты коронавирустық инфекциядан қорғау мақсатындағы жұмыспен алғашқы күннен бастап айналысуда.  Қорғаныш маскаларын шығаруды ұйымдастырған зауыт, бірінші кезекте кәсіпорынның қызметкерлері мен отбасы мүшелері қамтамасыз етті. Бұған қоса, мұнда жалпыхалықтық сұранысқа байланысты қорғаныш маскаларының жетіспеушілігін жою, бұларды тұтынушыларға жедел жеткізу басты парыз саналады. Мысалы, Ақмола облысының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпкерлік субъектілеріне қорғаныш маскаларын жеткізу бойынша тапсырыстар орындалды. Бүгінгі күні 276000 қорғаныш маскалары зауыттың өзіндік құн мөлшерінде сатылды.

Қазіргі уақытта «Тыныс» АҚ өкпені оттегі-ауа қоспасымен желдетуге арналған «Кокшетау-4П» жаңа буын аппаратын өндіруде. Бұл аппараттар дербес жұмыс істей алады, сондай-ақ оттегі берудің жалпы жүйесіне қосылуы мүмкін. «Тыныс» АҚ ӨЖЖ аппараттарын Ақмола облысының емдеу мекемелеріне ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық аймақтары бойынша медициналық бұйымдарды жеткізуде.

Атап айтсақ, 9 шілдедегі жағдай бойынша, республикамыздағы облыстық денсаулық сақтау басқармаларының тапсырыстарына сәйкес,  «Кокшетау-4П»  аппараттары келесі көлемде жөнелтілді:

Ақмола облысына – 60 жиынтық, Ақтөбе облысына– 55, Алматыоблысына – 50, Қарағанды облысына – 40, Қостанай облысына – 25, Қызылорда облысына – 20, Солтүстік Қазақстан облысына –25 және Түркістана облысына 25 жиынтық жеткізілді.

Қазақстанның барлық аймақтары бойынша жеткізілетін ӨЖЖ аппараттарының жалпы саны 500 жиынтықты құрайды.

Сондай–ақ, коронавирус пандемиясына қарсы шаралар шеңберінде, Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасына өтеусіз негізде ӨЖЖ аппаратының 17 жиынтығы берілді. Қайырымдылық көмек шеңберінде 64 аппарат Ұлттық шұғыл медициналық көмек орталығына да жеткізілді. Жоғарыда аталған өнімдердің барлығы фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беретін лицензия және тіркеу куәліктері негізінде дайындалады.

Бақберген Амалбек,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

#Жақыныңа жанашыр бол

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *