Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 30 тамыз күні мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасына келді. Елбасы сапар аясында қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қаты

 Мемлекет басшысының ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы-несиелік және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, екі ел лидерлері халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттар бойынша ұстанымдарды қарастырды.
Мемлекет басшысы жылы қабылдауы үшін ҚХР төрағасына алғыс айтты және елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас 20 жылдан астам уақыт бойы ұдайы өсу жолында дамып келе жатқанын айтты.
– Бұған Сіздің биылғы мамырда Қазақстанға жасаған ресми сапарыңыз барысында қол жеткен уағдаластықтар септігін тигізіп отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті сондай-ақ, қытай халқын жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңістің 70 жылдығымен және Бейжіңнің 2020 жылғы қысқы Олимпиа-даны өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтады.
Бейжің жазғы және қысқы Олимпиада ойындары өткен әлемдегі бірден бір қала болады, – деді Мемлекет басшысы.
Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевқа ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Қытайдың арасындағы стратегиялық серіктестік үздіксіз нығайып келе жатқанын атап өтті.
Біз бүгін Қазақстан Президентімен бірге жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен декларацияға қол қоямыз. Бұл құжат біздің көпжылдық жемісті іс-қимылымыздың қорытындысы болады және болашақтағы ынтымақтастық бағдарламасына айналады, – деді Си Цзиньпин.
Келіссөздер барысында қытай жағы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қош көретіндіктерін айтты және бұл оқиғаның екіжақты қатынастарды арттыру үшін  маңызды екенін атап өтті. Тараптар сондай-ақ, «жасыл технологияларды» дамыту саласындағы ынтымақтастықты Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің әлеуеті ауқымында дамытуға уағдаласты.
Елбасы сондай-ақ, мемлекеттік сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен, Цзянсу провинциясы халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы – партия комитетінің хатшысы Лоу Чжицзюнмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжан Дэцзянмен кездесті.
ҚХР-дың іскер және қаржылық топтар өкілдерімен кездесіп,  Қазақстанның БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Брифинг барысында Елбасы ҚХР-ға мемлекеттік сапардың маңызы жоғары екенін атап өтті

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар