Қатаң карантиндік шаралар -2 тамызға дейін!

Бүгінгі үкімет отырысында Үкімет басшысы  Асқар Мамин алдымен коронавирус пандемиясымен күрес жүргізу үшін құзырлы органдарға бірқатар міндет жүктеді.

-Қатаң карантиндік шаралардың екінші аптасы өтіп жатыр. Вирустың таралуы бойынша жағдай күрделі. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыру үшін шектеу шараларын тағы екі аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдап отырмыз. Осы ретте барлық қазақстандықтады карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Бұл шаралар аса маңызды. Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен, мүдделі мемлекеттік органдармен карантинді одан ары жүзеге асыру үшін барлық шараларды іске асырсын. Дәрі-дәрмектің қажетті қоры бар. Әрі ол үнемі толықтырылып отырады. Оларды дәріханалар мен стационарларға нақты бөлу бойынша барлық шараларды қамтамасыз ету қажет, – деді ол.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар