Ғарышта – үшінші қазақ ғарышкері!

 2015 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 10.37 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ТМА-18М» ғарыштық кемесі ұшты.

Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) кезекті экспедиция ұшырылды. Экипаж құрамында кеме командирі ресейлік ғарышкер Сергей Волков, бортинженерлер – Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен мен Қазақстан Республикасының ғарышкер-сынақшысы Айдын Айымбетов бар.
Ұшырылым штаттық режімде өтті, деп хабарлады Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылымды қамтамасыз ету қызметі, ұшырылғаннан кейін 10-шы минутта ғарыш кемесі зымыран тасығыштан бөлініп, «Союз ТМА-18М» жер төңірегіндегі орбитаға шығады.
Ғарышкерлер өздерін жақсы сезінуде. ХҒС-мен «Союз ТМА-18М» кемесі ұшырылғаннан кейін екі тәуліктен кейін түйіседі деп жоспарланған. Экипаж ұшырылымын жүздеген адам тамашалады, олардың ішінде Қазақстанның вице-премьері Бердібек Сапарбаев, «Роскосмос», «Қазғарыш», Еуропалық ғарыш агенттігінің басшылары, ғарышкерлердің жақын-туыстары бар. Баласын ғарыш сапарына шығарып салу үшін Айдын Айымбетовтің анасы Жұмагүл апа, Сергей Волковтың әкесі – ғарышкер Александр Волков, экипаждың барлық үш мүшесінің зайыптары мен балалары келді.
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов пен Дания астронавты Андреас Могенсеннің, сондай-ақ қазіргі кезде орбитада жұмыс істеп отырған ресейлік ғарышкер Геннадий Падалкидің жерге оралуы 2015 жылдың 12 қыркүйегіне жоспарланған. Экипажды Астана қаласының әуежайында салтанатты түрде қарсы алуға Қазақстан Республикасының Президенті қатысатыны күтіліп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев телефонмен әңгімелесу кезінде ғарышкерге Халықаралық ғарыш стансасына табысты экспедиция жасап, алға қойған барлық міндеттерін іске асыру тілегін білдірген. Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан
Назарбаев А.Айымбетовтың алдағы уақытта ғарышқа ұшуы – отандық космонавтиканың одан әрі дамуы-на серпін беріп, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға септігін тигізетін атаулы оқиға екенін атап өткен.
Айдын Айымбетов ХҒС бортына Қазақстан Республикасының Туын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің туларын алған.
Айдын Айымбетов 1972 жылы 27 шілдеде Талдықорған облысы, (қазіргі Алматы облысы) Талдықорған ауданы Заря Коммунизм ауылында (қазіргі Өтенай ауылы) туған. 1989 жылы және 1993 жылы «ұшқыш-инженер» біліктілігін ала отырып, Армавир жоғары әскери авиациялық училищесін аяқтады. 2002 жылы 9 қарашада ресейлік өкілдердің қатысуымен Қазақстан Республикасының ғарышкерлеріне кандидаттарды іріктеу бойынша Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметінің жанындағы Ведомствоаралық комиссия отырысында А.Айымбетовті Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағына енгізу ұсынылды.
2012 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысымен А. Айымбетовке Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілді. Ресей мен Қазақстан арасындағы уағдаластыққа сәйкес А.Айымбетов 2015 жылғы мамырдың соңынан бастап Гагарин атындағы ҒДО-да дайындықтан өтті. 20-27 маусым аралығында ол ХҒС америкалық сегментін зерделеу мақсатында Хьюстонда (АҚШ) НАСА Джонсон атындағы Ғарыш орталығында болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар