42500 теңге қайта төленеді

Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделеніп, карантин мерзімінің ұзаруына байланысты шілде айында 42500 теңге жәрдемақы төленетін болды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы елдегі карантин режиміне орай Үкіметке арнайы тапсырма берген болатын. Үкімет басшысы Асқар Маминнің мәлімдеуінше бұл 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақы тек жұмысы уақытша тоқтаған азаматтарға ғана төленеді.

–Мемлекет басшысының тапсырмасымен шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақыны ең төменгі жалақы мөлшерінде бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі, – деді Үкімет басшысы.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне азаматтардың жекелеген санатына азық-түлікке ақшалай көмек беруді жалғастыруды тапсырды. Бұл санатқа бір миллионнан астам адам кіреді.

Қазақстанда карантин режимі 2 тамызға дейін ұзартылды.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар