Көкшетау бұл күнде шаһар бір көшелі, Көкшетау бұл күнде сағаттап өседі!

Беу, шіркін, зуылдап ауысқан замандар,
Жаңарған, жасарған соншалық адамдар.
Замана тұлпары сияқты заулаған,
Бүгінгі Көкшемді көріңдер, жарандар.

Бүгінгі Көкшетау, кәдімгі құрылысшы,
Бүгінгі Көкшетау жасампаз жұмысшы.
Көкшетау біледі көркейіп өсуді,
Көкшетау біледі оңдауды тұрмысты.

Көкшетау бұл күнде шаһар бір көшелі,
Көкшетау бұл күнде сағаттап өседі.
Көкшетау зейінмен, пейілмен беріліп,
Бақытты ертеңнің тағдырын шешеді.

Көкшетау дегенім – замана шығыры,
Көкшенің көшесі бақыттың тұғыры.
Көкшенің алтыны – талантты ұланы,
Көкшенің алтыны бітпейді ғұмыры.

Еркеш Ибраһим.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар