Тойдың театрландырылған қойылымына жазушы Жабал Ерғалиевтің «Қилы жол» тарихи драмасы таңдап алынды

Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, қазақ өнерінің қара шаңырағы – М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 9 қазан күні Тараз қаласында театрландырылған үлкен қойылым қоймақшы.

Көрнекті жазушы драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты  Жабал Ерғалиевтің «Қилы жол» атты тарихи драмасы бойынша қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан бұл  қойылымның жоба жетекшісі  − КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Асанәлі Әшімов.  Кеңесшісі Қазақстан Республикасының халық әртісі  Есмұхан Обаев. Сонымен қатар, қойылымға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов бастаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алма  Кәкішева, Елік Нұрсұлтан, Мұхтар Қапалбаев сынды режиссерлер тобы басшылық етеді.  Жобаға М.Әуезов театрының шығармашылық тобынан, Жамбыл облыстық драма театрынан,
Жуалы ауданындағы атты әскерлерден және сарбаздардан  500-ден аса адам қатысады деп көзделіп отыр.
Мөлдір БЕКЖАН.
Алматы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар