Алғашқы қоңырау сыңғыры

 

Елімізде жаңа оқу жылының басталуына орай, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов №5  «Таңдау» мектеп-гимназиясында Білім күніне арналған салтанатты шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

 

Мектеп ауласында ұстаздар қауымымен қатар балаларын мектепке жетелеп әкелген ата-аналардың да қарасы көп болды. Сап түзеп тұрған оқушылардың да көңілдері көтеріңкі. Олар сыныптас достарымен  қуана қауышуда. Алғашқы болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мектеп ұжымына жаңа оқу жылында жақсы табыстарға жетіп, биік белестерден көрінуге тілектестігін білдірді. – Бүгін еліміздің әр түкпірінде балалар мектепке баруда. Баршаңызды осы айрықша қуанышқа толы күнмен құттықтаймын. Мектеп қабырғасында тәлім алып жатқан шәкірттеріңіз ұстаздар сенімінен шыға берсін, – дей келе, мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндерге  Елбасының атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын табыс етті.
Бұдан соң мектеп оқушысы Адара Қарабаеваның  тамылжыта шырқаған әні жиналғандарды тәнті етті. Ал, бірінші сыныпқа баратын оқушылардың бір тобы өзінің құттықтауларын тақпақтармен жеткізді. Осы орайда, 11 сыныптың озат  оқушысы, көптеген пән олимпиадалары мен республикалық  ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жүлдегері Әсем Серікбаева да ақжарма тілегін арнады.
Шара соңында  1 сынып оқушысы Дарина Аманбай мен 11 сынып оқушысы  Константин Беленчук жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соқты. Одан кейін сынып сағаттары өткізіліп, Нұрлан Нұркенов мектеп бітіруші түлектермен кездесті.  Жүздесу еркін түрде, тартымды әрі қызықты өтті. Облыс әкімінің орынбасары мамандық таңдау жөнінде әңгіме қозғап, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауап берді.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар