Үнемделген қаржыға емдеу құралдары сатып алынады

13 шілдеде өткен Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс 46-шы сессиясында бюджет қаржысын денсаулық сақтау саласына бағыттау мақсатында қайта бөлу мәселесі қаралды.
Мәслихат депутаттары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұсынған семинарлар мен конференцияларды, басқа да көпшілік шараларды өткізуден, алдын ала жоспарланған автокөлік пен жиһаз сатып алудан бас тарту жөніндегі ұсынысын бір ауыздан қолдады.
Осының нәтижесінде үнемделген бюджет қаржысына өкпеге жасанды тыныс алдыратын құрылғы, науқас жағдайын төсекте анықтайтын монитор, ауа баллондарын сатып алуға жұмсалатын болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар