Карантин кезінде жағажайларға баруға болмайды

Облыстағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, қазіргі эпидемиологиялық күрделі кезеңде, карантин режиміне байланысты жағажайларға барып, суға түсуге болмайды. Бурабай ауданындағы жағажайларды тексерген арнайы мобильді топ, демалушыларға ескерту жасап, елемегендеріне әкімшілік айыппұл салды.

Өткен демалыс күндері Бурабай кентіндегі жағажайларда рейд жүргізілді. Облыстық туризм басқармасы, аудандық және кенттік әкімдік, полиция, прокуратура, төтенше жағдай қызметкерлері мен санитарлық және эпидемиологиялық қызмет өкілдерінен құралған бірнеше мобилдьді топтар Бурабай кентіндегі қоғамдық жағажайларға барып, ондағы құжынаған адамдарға шектеу талаптарын түсіндірді.

Карантиндік талаптарға сәйкес, коронавирус індетінің таралуының алдын алу үшін азаматтарға қоғамдық жағажайларға баруға тыйым салынған. Осындай талаптарды ескермеген және түсіндіріп, ақпараттандыру жұмыстарын елемеген 8 азаматқа 30 айлық есептік көрсеткіш сомасында әкімшілік айыппұл салынды. Осыған орай, облыс тұрғындары мен қонақтарына аймақтың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар