COVID-19 баспасөз орталығы ашылды

Облыс орталығында 14 шілдеден бастап, COVID-19 баспасөз орталығы іске қосылды.

Орталық өңірде коронавирус жұқпасын емдеу мен алдын алу үшін атқарылып жатқан шаралар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады.  Сонымен бірге, орталықтың негізгі міндеттерінің бірі бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен өзара байланыс жасау.

Баспасөз орталығы жанынан 109 Call-centre де ашылып, онда коронавирус жұқпасы, амбулаторлық емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауруханаға жатқызу, жедел жәрдем қызметі және психологиялық көмек секілді мәселелермен хабарласқан тұрғындарға мамандар тегін кеңес береді. Call-centre күн сайын таңертеңгі 9.00-ден кешкі 21.00-ге дейін қызмет  көрсетеді.

Сонымен бірге, қазір емханаларда дәрігерлердің онлайн консультациялары да жүріп жатыр.

Пандемияға қатысты өңірдегі ахуал бойынша туындайтын сауалдарыңыз болса, 8(7162) 50-70-61 нөміріне хабарласыңыздар.

Әлеуметтік желілерде орталықтың арнайы парақшалары бар.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар