Жедел жәрдем фельдшері

«Жас келсе, іске» дегендей, жас маман Фархат Жанпейісов Көкшетау қалалық жедел жәрдем станциясында бір жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді.

Ол мектеп бітірген соң бірден өзі қалаған мамандығын алу үшін Көкшетау қалалық жоғары медициналық колледжінің «емдеу ісі» бөлімшесіне оқуға түсті. 2019 жылы оқуын ойдағыдай бітіріп шыққан ол жедел жәрдем станциясына қызметке кірісті.
Уақытпен санаспай, қыстың боранында, жаздың қапырық ыстығында күндіз-түні жұмыс істейтін жедел жәрдем қызметкерлерінің әр күні қарбаласқа толы. Әсіресе, елімізде төтенше жағдай енгізілген соңғы айларда жұмыс көбейе түсті. Қазір Фархат жедел жәрдем станциясының №2 бригадасында фельдшер болып жұмыс істеуде. Қатерлі жұқпалы дерт шыққалы бері жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысы ауырлап, дерт жұқтырып алу қаупі де күшейіп кетті. Соған қарамастан, дәрігерлер өздеріне жүктелген міндеттерін әрдайым мүлтіксіз орындайды.
Берік Ескенов.
Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар