Студенттер құрылыста еңбек етуде

Елімізде коронавирус пандемиясының дендеп бара жатқандығынан болар, жылдағыдай студенттік құрылыс жасақтары биыл онша көп емес. Десе де, Көкшетауда құрылыс қарқынды жүріп жатқандықтан, бүгінде құрылыс алаңдарында ерікті жастардан екі отряд құрылысшылар қатарында жұмыс істеп жүр.

Құрылыс алаңдарында еңбек етіп жүрген студенттер Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің білім алушылары. Оларға қойылатын негізгі талап – жастары он сегізге толған, еңбек қауіпсіздігімен таныс және денсаулықтары мықты болуы тиіс. Сұлтан Қадырбаев Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 3 курс студенті. Құрылыс алаңында еңбек етіп жүргеніне екі аптадан асыпты. Бүгінде ол №8 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына атсалысуда.
Жұмысымыз айтарлықтай қиын емес. Құрылысшылар бізге іске кіріспес бұрын нені қалай істеу керектігін үйретті. Сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейміз. Бір жағынан бұл құрылыс жұмыстары болашақта өзімізге керек, үйренеміз, екіншіден азын-аулақ нәпақа тауып, ата-анамызға көмектесеміз, –дейді жас құрылысшы Сұлтан Қадырбаев.
Бүгінде құрылыс отрядтарында 40-қа жуық жас еңбек етуде. Олардың арасында Қытай, Моңғолия, Өзбекстан елдерінен келіп, білім алып жатқан студенттер де бар. Еңбекақы жұмыстың күрделілігіне байланысты төленеді екен.
–Еңбек отрядтарына еңбекақы төлеу жүйесі әртүрлі. Ол келісім-шартқа байланысты. Бір жерлерде күнделікті төлеп тұрса, енді бірінде аптасына бір береді. Бірақ, балалар жұмыстарына риза. Айына 80-85 мың теңге көлемінде еңбекақы алады. Негізі студенттік құрылыс отрядтарына сұраныс бар, –дейді Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры Аманай Сейітқасымов.
Бұл студенттік еңбек жасақтары өз еріктері бойынша сабақ басталған уақытқа дейін жұмыс істеулеріне болады.
Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар