Күні-түні науқастардың жанында

Бүгінде Есіл аудандық ауруханасында да коронавирусқа шалдыққан және оған күдікті науқастарды емдейтін инфекциялық және провизорлық стационарлар жұмыс істеуде. Терапевт дәрігер Екатерина Шлегель провизорлық бөлімше ашылғалы бері күні-түні науқастардың жанынан табылып, олардың сауығып кетуі үшін қолынан келген көмегін көрсетуде.

Жиырма орынға арналған провизорлық стационар бүгінде лық толы. Онда өкпенің пневмониясына шалдыққан науқастар ем қабылдап жатыр. Екатерина Шлегель қауіпті індетті жеңу үшін әріптестерімен қоян-қолтық жұмыс істеп, жас мамандарға білгенін үйретуде. Ақ халатты абзал жан науқастарға өте ұқыпты қарайды. Оның осы ауруханада жұмыс істеп келе жатқанына он жылдан асты. Кенеттен келген індет адамзат баласын есеңгіретіп тастаса да, Гиппократ антына адалдықтарын көрсетіп, адам жанына араша бола білген дәрігерлерге есілдіктердің де алғысы зор.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар