Түбіртекті талап ет те, жүлдені ұтып ал

12 мамыр мен 1 желтоқсан аралығында «Түбіртекті талап ет те, жүлдені ұтып ал!» акциясы өтеді. Оның қатысушысы болу үшін, «Wipon» тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өз сатып алуларының фискалдық түбіртектерін қосымшаға енгізіңіз. Қосымшаны AppStore және PlayMarket-тен таба аласыз.

Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы 5 мың теңгеге дейінгі сомаға телефон теңгерімі түрінде жүлде ұтып алуына болады. Ағымдағы жылдың 28 маусымына Ақмола облысы бойынша акцияның 42 жүлдегері бар.
Барлық жіберілген түбіртектер акцияның басты жүлдесі – 1 миллион теңге ұтысына қатыса алады. Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі бар фискалдық түбіртектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі. Ұтыс ойынындағы жеңімпаз түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады. Демек, түбіртектер көп жіберілген сайын, бір миллион ұтып алу мүмкіндігі көбейе түседі.

Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер
департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар