Бірден іске кірісті

Аудан диқандары көктемде 552073 гектар алқапқа дәнді және бұршақ дақылдарын сепсе, оның 534431 гектары бидай.

Оған қоса, майлы және жемазық дақылдары, картоп пен көкөніс бар. Аудан диқандарының биылғы науқаннан үміті мол. Ауа райының қолайсыздығы егіннің пісуін кешеуілдеткенімен, кейінгі ашық күндер осыған игі ықпалын тигізуде.
Қазір аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының 70 пайызы егін орағына кірісіп кетті. Бүгінгі таңда 53 мың 200 гектардың астығы бастырылды. Гектар түсімі орта есеппен 6,7 центнерден айналуда. «Мадияр и К» серіктестігінің диқандары 7 мың 840 гектар алқаптың астығын бастырып үлгерді. «Диқан-4», «Агропромтехника», «Жер-1» және «Костычево» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің диқандары гектарынан 10-14 центнерден өнім алуда.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар