Бірнеше жобалар жүзеге асырылуда

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында бірқатар үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов алдымен жиналғандарды Конституция күнімен құттықтап, осы елдік құжаттың өміршең  қырларына тоқталды.
Біздің Конституциямыз бен одан бастау алатын басқа да заңдар –  демократиялық, құқықтық мемлекет, мықты азаматтық қоғам құрудың қайнар көзі болып табылады. Жиырма жыл бойы өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келе жатқан Ата Заңымызда халықтың өз кәсібін ашып, білім алуына, қоғамға пайдалы іспен айналысуына ешқандай шектеу қойылмаған.
Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы ел азаматтарын Мемлекет басшысы саясатының айналасына топтастыруға бағытталған оннан астам жобаны жүзеге асыруда. Олардың қатарында «Бақытты балалық», «Ардагерлерді ардақтайық», «Жастар – Отанға!», «Біздің ауыл» жобалары да қарапайым тұрғындарға шарапатын тигізіп, өңіріміздің өркендеуіне игі ықпал етуде. Осы жобалардың жүзеге асырылуына қоғамдық бірлестіктердің  зор үлес қосып жүргендігі де жиында айтылмай қалмады. Ақмола облысы бойынша Азаматтық альянс қауымдастығының төрайымы Галина Шеварева, басқа да азаматтық сектор өкілдері өздеріне көрсетілген сенімді ақтап, қоғамның дами түсуіне бар күш-жігерлерін салатындықтарын айтты. Ал, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлер ұйымы» Ақмола облысы бойынша қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұса Елеусізов Халық Қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы мерекелік медальдарды «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Мәдешұлына және облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мағауия Рақымбергеновке салтанатты жағдайда табыс етті. Үкіметтік емес ұйым жетекшілеріне қол қойылған меморандум құжаттары тапсырылып, жиын соңы шағын мерекелік концертке ұласты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар