АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА «ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМ» АТТЫ ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТУДЕ

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша тұрақты негізде «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы өткізіледі.

Биыл елімізде бүкіл әлем мойындаған, данышпан бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Ол өз шығармаларында, оның ішінде «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой қозғаған.

Осы орайда, онлайн-форматта екінші рет өткізіліп отырған «Адалдық сағатының» тақырыбы «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» ретінде анықталды.

Оның басты мақсаты – ұлы ғұлама ойшылдың еңбектері арқылы өскелең ұрпақтың бойына әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын сіңіру.

Мемлекеттік және ресми тілдегі тиісті бейне-дәрістер 17-24 шілде аралығында республикалық пен облыстық телеарналарда көрсетілуде. Сондай-ақ, бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube парақшасында, Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен «Aqmola-Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың мамыр айындағы онлайн-форматта өткен «Адалдық сағаты» бірқатар басымдықтарды көрсетті:

Біріншіден, арнайы әзірленген бір ғана бейнеролик арқылы барлық білім беру ошақтары қамтылды. Нәтижесінде, адами ресурстар мен уақыт барынша үнемделді.

Екіншіден, әлеуметтік желіде жастармен тиімді кері байланыс орнатылды. Бейне-дәрістің бір жерде онлайн таралуы, жастар арасында парасаттылық жүйесін қалыптастырудың жаңа тетігіне айналды.

Үшіншіден, терең біліммен қатар, адалдық пен парасаттылық құндылықтарының маңызын өз ғұламаларымыздың еңбектері арқылы жеткізу жастар, жалпы қоғам тарапынан қолдауға ие болды.

Сонымен, ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғамда парасаттылық қағидаттарын насихаттауды, оның ішінде «Адалдық сағаты» акциясы шеңберінде дәріс өткізу жолымен тұрақты негізде жүзеге асырады..

Бейне-дәрістерге сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=yS8p6EH5tfg&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=3&t=0s

https://www.youtube.com/watch?v=kE9_jN-SbA8&list=PLvN9UMfEpeulpwT1xaHAoDnV-WA18i0qg&index=3&t=0s

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар