Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандар ұсталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.Калайчиди Қазақстанда дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың 537 фактісі тіркелгенін айтты.

Елімізде дәрі-дәрмекті заңсыз сатуға тыйым салынғанына қарамастан, тұрғындар заңнан аттап, медициналық заттар мен дәрі-дәрмекті тығылып сатуда.  Сондай 58 факті бойынша қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жалған кәсіпкерлікпен айналысқан қалған азаматтарға әкімшілік айыппұл тағайындалады. Заңсыз дәрі-дәрмек сату кезінде ұсталған 431 тұлға полиция бөлімшелеріне жеткізіліп, тексеріс кезінде  400 дәрі-дәрмек түрі бар 70 мың қаптама тәркіленген.

Сонымен қатар, жалған кәсіпкерлер жарты миллион маска, 36 мың қолғап, қызу өлшеуіштер, дәрі тамызғыштар мен 700 литр антисептикті сатып, пайда таппақ болған. Заңсыз тауар саудасы көбінесе Шымкент, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Атырау мен Жамбыл облыстарында анықталған. Тәркіленген медициналық заттар мен дәрі-дәрмектер медициналық ұйымдарға науқастарды емдеу үшін жіберіледі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар