Пестицидтердің ыдыстары жойылуы керек

Ақмола облысы баршаға өзінің ауыл шаруашылығы саласымен белгілі. Соңғы жылдары өңірдің экономикалық жағдайы жақсарып, егіс алқаптары ұлғаюда.

Осы орайда, ауыл шаруашылығы дақылдарын аурулардан, арамшөптер мен зиянкестерден қорғау үшін шаруашылық субъектілері пайдаланатын пестицидтер қажеттілігі көбейіп отыр. Өсімдікті қорғайтын химиялық дәрілер тек қана зиянкестермен, аурулармен және арамшөптермен күресте пайдалы. Ал, былайша қоршаған орта мен адам денсаулығына үлкен шығын әкелуі мүмкін. Өсімдікті қорғайтын химиялық дәрінің көп бөлігі республика аумағына өнім түрінде алыс шетелдерден тасымалданады. Пестицидтерді пайдаланғаннан кейін босатылған пластмассалық ыдыс 2 және 3 класты улы қалдық болып саналады. Бұдан үлкен мәселе туындайды. Қазақстанда бұл қалдықты жарамсыз ететін технология жоқ. Ыдысты екінші рет өзге мақсатқа пайдалану санитарлық және экологиялық заңнамамен рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, оларды күл-қоқыс төгетін орындарда ашық түрде тастауға болмайды. Бұл мәселені шешудің бір жолы улы химикаттарды қауіпсіз жерге көму болып табылады. Сондықтан, пестицидтер ыдысын улы қалдықтардың тұрақты жұмыс істейтін арнайы полигонында залалсыздандыру керек.
Облыстағы тағы бір проблемалардың бірі – шаруашылық субъектілері пайдаланған улы химикаттардың ыдысын орталықтандырылған сақтауға жинау және қайтару механизімінің жоқтығы болып табылады. Бұл проблема Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасы арқылы бюджеттік бағдарлама бойынша босатылған ыдыс, пестицидтер қозғалысы мен есебі бойынша шешіледі. Ал, тасымалданатын пестицидтерден босатылған ыдыс есебі күні бүгінге дейін коммерциялық негізде тәртіпке келтірілмеген. Аудандық әкімдіктер босатылған улы химикаттар ыдыстарын шығарушы зауытқа қайтару жөнінде шара қабылдауға міндеттелді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін делдал ұйымдардан улы химикаттарды келісім-шарт бойынша сатып алуға міндеттеу керектігі, сатушылардың босатылған ыдыстарды қабылдауы және жинауы, одан әрі жасаған зауытқа қайтаруы жөнінде айтылған.
Ұсынылған қайтару механизмі тек қана өсімдікті қорғайтын химиялық дәрі шығаратын отандық өндірушілер үшін дайындалған. Экспорттаушыларға жұмыс пен қызметтің, тауарлар экспорты мен импортының рұқсат етілген түрлеріне рұқсат құжатын келісу тәртібін реттеу үшін өсімдікті қорғаудың жарамсыз химиялық дәрісін, химиялық улы заттар мен өндірістік қалдықтарды кері қайтару міндеттелген. Сондай-ақ, егер делдал өтініш берсе, қалдықтарды жағуға, химиялық өңдеуге, сақтауға және көмуге тиісті рұқсат құжаты бар кәсіпорынмен келісім-шартын ұсыну қарастырылған. Оның ішінде пайдаланылған өнімнің ыдыстары мен тауарды тұтынушыларға одан әрі сату келісім-шартта пайданылған өнімнің ыдысын міндетті түрде қайтаруды қарастыру керек. Рұқсат құжатын келісу кезінде қоршаған ортаны қорғайтын облыстың өкілетті органымен ыдысты қайтару және жарамсыз ету бойынша барлық пестицид тасымалдаушылардан кепілдік міндеттеме алынды.
Сөз соңында ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы жоғарыда аталған өндіріс қалдықтарының көбеюіне әкелетінін атап өткен жөн. Сондықтан, полигондарды табиғатты қорғаудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес орналастыру қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстар мен адам денсаулығын сақтаудың маңызды шарасы болып табылады.
Абай САФИН,
Ақмола облыстық экология
департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар