Сауда – экономиканың маңызды буыны

Нарыққа негізделген қазіргі заманғы экономиканы сауда қызметінсіз көз алдыңызға елестету мүмкін емес. Сауда кез-келген өндірістік тізбектің ең соңғы және негізгі буыны болып табылады. Өндірілген өнім сатылғанда ғана қайтарым әкеледі. Сондықтан да, сауда саласының маңызы ешқашан да төмендемейді.

Сауда қызметі де заман ағымына сай жаңа заманауи технологияларды енгізу арқылы дамып, сапалық жағынан да, сандық көрсеткіш бойынша да үнемі алға жылжып отырады. Еліміз нарықтық экономикаға көшкен сонау 1990-шы жылдардың басында босап қалған дүкен сөрелері сауда қызметінің жандануының арқасында көп ұзамай толып, халық қажетті тауарларын қиналмай сатып алатын болды. Сауда қызметі де заман ағымына сай жаңа заманауи технологияларды енгізу арқылы дамып, сапалық жағынан да, сандық көрсеткіш бойынша да үнемі алға жылжып отырады. Еліміз нарықтық экономикаға көшкен сонау 1990-шы жылдардың басында босап қалған дүкен сөрелері сауда қызметінің жандануының арқасында көп ұзамай толып, халық қажетті тауарларын қиналмай сатып алатын болды. Қазіргі күні Ақмола облысының сауда қызметі саласында 40 мыңдай адам еңбек етеді екен. Бұл жалпы жұмыс істейтін тұрғындар санының 10 пайызын құрайды. Сауда секторы өңіріміздің жалпы кірісіне қомақты үлесін қосып келеді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша сауда саласының жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 12 пайыздан асып, 242 миллиард теңгені құрады. Сауда саласы облысымыздың экономикасының маңызды әрі нақты секторлары – өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығынан кейінгі үшінші орында тұр екен. Қазіргі күні облысымыздың аумағында  9214 сауда орындары жұмыс істейді. Жалпы сауда алаңы 560 947 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ, 171 160 шаршы метр алаңда 31 сауда рыногы қызмет көрсетуде. Сауда мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындары облысымыздың аудандарында біркелкі бөлінген. Бұл тұрғындардың әртүрлі тауарларға деген сұранысын толық түрде қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сауда кәсіпорындары тұтыну тауарларын, азық-түлік тағамдарын, егіншілік және мал шаруашылығының өңделген өнімін, ұсақ және орта өндірушілер тауарларын сату саласы болып, маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет атқарады. Ақмола облысының ішкі саудасы бо-йынша өткен жылғы (көтерме және бөлшек сауда) айналым 854,4 миллиард теңгені, нақты өсім 11,5 пайызды құрады. Облыс бойынша бөлшек тауарлар айналымының үлкен бөлігі жеке кәсіпкерлердің кәсіпорындары арқылы сатылады. Оның 2019 жылғы тауар айналымындағы үлес салмағы 68,9 пайызға жетті.2020 жылдың 5 айында біздің облысымыздың жалпы сыртқы сауда айналымы 384,5 миллион АҚШ долларын құрады. Ақмола облысының тауар айналымындағы негізгі үлесті импорт алып, 217,4 миллион АҚШ долларын немесе 56,5 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, экспорт 167 миллион АҚШ долларына немесе 43,5 пайызға жетті. Бұл жөнінде статистика органдарының мәліметі куәландырады. Биылғы жылы пандемияның салдарынан сыртқы сауда айналымы біршама азайды. Жыл басынан бері тауар айналымы 396,6 миллион АҚШ долларын құрады. Биылғы жылдың 5 айындағы экспорт көрсеткішін өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 178,2 миллион АҚШ долларынан 167,1 миллион АҚШ долларына дейін түсті. Сондай-ақ, импорт сомасы да 218,4 миллион АҚШ долларынан 217,4 миллион АҚШ долларына дейін қысқарды. Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен өзара сауда серпінінің алға жылжуы байқалады. Биылғы жылдың бес айында тауар айналымы 204799,4 мың долларды құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзімнен 13,6 пайыз артық. Ақмола облысының Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен тауар айналымының жалпы көлемінің 88,1 пайызы Ресейге, 1,84 пайызы Қырғызстанға, 10 пайызы Беларуссияға,0,1 пайызы Арменияға тиесілі. Негізгі экспортталатын тауарларға бидай, арпа, сүт пен қаймақ, ет, подшипниктер, пластмассалардан жасалған құбырлар, рапс, зығыр, күнбағыс тұқымы, гүл, көмір, сусындар, жұмыртқа, қап пен пакеттер, табиғи уран жатады.Нарықтың бөлек дамып келе жатқан сегментін ең дамыған цифрлық технологияларға негізделген компаниялар жасайды. Қашықтықтан сату белсенді дамып келеді. Бұл сауда-саттықтың табыстылығы оның артықшылықтарымен қамтамасыз етілген. Тауар түрлері дүкенге қарағанда көбірек болады. Компаниялар катологтардағы бірегей ұсыныстармен санасуға тырысады. Интернет-дүкендердің иелері бағаны 10-15 пайызға төмендете алады. Олар кез-келген аймаққа өз курьерлері немесе поштаның есебінен жеткізілетін көптеген өнімдерді ұсынады. Интернеттегі дүкенде қажетті өнімдерді тез тауып, тапсырыс беруге болады. Техникалық инновациялар қызметтеріне ақы төлеу туралы әдеттегі идеяларды өзгертетін тағы бір бағыт төлем терминалдары болып табылады. Олар ұялы байланыс нарығымен қамтамасыз етілді. Ақпараттық технологиялар сауда қызметімен тығыз байланыста келе жатқанын атап өткен жөн. Бүгінгі күні карантиннің күрделі жағдайында біздің барлығымызды азық-түлікпен, тауар-лармен және бірінші қажетті қызметпен қамтамасыз етуде барлық мүмкіндік пен мүмкін еместі жасап отырған сауда саласы еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін ерекше атап өткім келеді. Олардың бастамасының, кәсібилігі мен жанкештілігінің арқасында сауда саласында сатып алушыларға қызмет көрсететін жаңа технология енгізілуде, қазіргі заманғы, қауіпсіз және қолайлы сауда нысандары ашылуда. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, экономиканың маңызды буыны болып отырған сауда саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбастарына береке-бірлік, еңбектеріне жеміс тілеймін.
Ербол ОСПАНОВ,Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар