Мақсатымыз–тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету

Тұтынушыларға таратылатын электр қуатының сапасы және оны қамтамасыз етудің сенімділігі «Көкшетау Энерго» серіктестігі өндірістік қуатының негізгі басымдылығы болып табылады.

Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарының 12 әкімшілік орталығы аумағына электр энергиясын тарататын аталмыш серіктестік жөндеу және пайдалану жұмысын жүргізеді, сондай-ақ, 04-220 кВ кернеулі электр жүйесін басқарады. Биылғы жылы бұл кәсіпорын ауқымды жұмыстар жүргізуді жоспарлаған болатын. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – электр жүйелерінің сенімділігін арттыру, апаттық жағдайды қысқарту, энергия үнемдейтін электр қондырғыларын жаңғырту және қалпына келтіру. Осы орайда, жыл сайын инвестициялық бағдарлама аясында барлық өңірлер аумағында құрылыс және электр жүйесін қалпына келтіру бойынша шаралар кешені жүзеге асырылуда. Электр энергиясының тұтынушыларын үзіліссіз қамтамасыз ету үшін әлемде қазіргі заманда қауіпсіз сым кеңінен пайдаланылады. Оның негізгі басымдығы дәстүрлі сымдармен салыстырғанда реактивтік энергия шығынын азайту болып табылады. Сондай-ақ, желдің ықпалымен сымдардың қосылуы кезінде олардың қысқа тұйықталуы болмайды. Электр қуатын тарату кезінде тұрақты параметрлер сақталады. Пайдалану қызметі арзан. Сондай-ақ, сымға қар мен мұз қатпайды. Агрессивтік ортада тоқ өткізбеудің химиялық тұрақтылығы жоғары.
Биыл Көкшетау қаласы мен аудан орталықтарының мамандары жыл бойы алғашқы қар түскенге дейін электр тарататын әуе және кабелдік желінің 75 шақырымын жөндемекші. Жұмыстың негізгі бағыты – алюминий сымының орнына қауіпсіз сым тарту. Сондай-ақ, ағаш бағаналардың орнына біртіндеп жаңа темірбетон бағаналары орнатылуда. Тұрмыстық тұтынушылар мен өмірлік маңызы бар нысандарды электрмен қамтамасыз ететін барлық шағын станциялардың электр қондырғыларын жаңартуға және қалпына келтіруге ерекше назар аударылады. Облыс орталығында 110/10 кВ «ПГВ» шағын станциясын қалпына келтіріп, 25 мВА трансформаторын орнату жоспарланған. Нысан «СейНұр» автобус паркі маңында орналасқан. Ол аталмыш кәсіпорынға және қаланың орталық бөлігіндегі 12 мың абонентке қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, 35/10 кВ «МК-57» шағын станциясын қалпына келтіріп, 10 кВ сыртқы тарату қондырғысын орнату жоспарланған. Энергия нысаны Солтүстік өндірістік аумақтағы өнеркәсіп нысандары мен «Бірлік» шағын ауданына тоқ береді. Энергетиктер тұрмыстық химия зауыты маңында орналасқан №58 және №303 трансформаторлық пункттерді қалпына келтіруді және осындағы трансформаторларды жаңасына (400 кВА) ауыстыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Көкшетау қаласындағы №250 және №257 трансформаторлық пункттеріндегі трансформаторлардың орнына қуаттысы орнатылады. Бұл маңда 1,5 мың тұтынушы тұрады. Щучинск қаласындағы №30 трансформаторлық пунктті де қалпына келтіру жоспарланған. Мұндағы қондырғылар жаңасына (ГКТП 10/0,4 кВ) ауыстырылып, екі жаңа трансформатор орнатылады. Зеренді ауданының Алексеевка шағын станциясы жаңғыртылып, жаңа «КРУН-6 кВ» қондырғысы орнатылды. Мұндай жұмыстар Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Ақжар, Тайынша, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарында жүргізілді. Сондай-ақ, энергетиктер шалғай ауылдық округтердегі электр қондырғыларын оңтайландыру мәселесіне ерекше назар аударады. Негізгі мақсат тұрғындарға электр энергиясын тарату кезінде энергия шығынын азайту болып табылады.
Бүгінгі күні Степногорск қаласында «Ақсу-Черниховский» ВЛ-35 кВ желісін қалпына келтіру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Бұл желі сонау 1970 жылы салынған. Энергетиктер бұл учаскеде қазіргі заманғы сымды пайдаланып, 81 бағананы ауыстыруды жоспарлап отыр. Жоғарыда аталған жауапты жұмысты орындау кезінде шағын станциялар мен желілер, релені қорғау, автоматика, өлшем бойынша орталық қызмет және жергілікті жерлердегі өңірлік қызмет мамандарының жоғары кәсібилігін атап өткен жөн. Олар белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін бар мүмкіндіктерін аянбауда. Сөйтіп, электр жүйелерін қалпына келтіру және техникалық жабдықтау электр көзінен ажыратусыз орындалмайды. Бұл үрдіс келешекте үзіліссіз және сенімді электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында тұтынушылар мүддесіне орай жүргізіледі. Мұндай қалпына келтіру және оңтайландыру жұмысы өзге өңірлерде де жоспарланған. Жалпы, биылғы жылдың соңына дейін инвестициялық бағдарламалар аясында жетпістен астам энергия нысандарына қалпына келтіру және жаңғырту жұмысы жүргізілетін болады.
Еркін СЕЙІТОВ,
«Көкшетау Энерго» серіктестігінің
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар