Аршалылық пішеншілердің қарқыны жоғары

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, биыл облыс бойынша 1 миллион 164,8 мың тонна шөп қорын дайындау жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 977,2 мың тонна шөп дайындалып, маяларға салынды.

Бұл – қолда бар мал үшін қажетті бір жылдық шөп қорының 23,8 пайызы. Биылғы жылы шөп жақсы шыққанымен маусымның аптап ыстығы оның сапасына кері әсерін тигізгенін атап өткен жөн. Дегенмен, өңір пішеншілері осынау жауапты науқанға ерекше назар аударып, жұмыс қарқынын үдете түсуде.
Мәселен, Аршалы ауданы бойынша 38,7 мың тонна шөп қорын дайындау жоспарланған. Бүгінгі күні бұл өңірдің пішеншілері жоспардың 97,1 пайызын орындап, 37,3 мың тонна шөп дайындап, маяларға салды. Сондай-ақ, Жарқайың, Есіл аудандарының пішеншілері де межеленген жоспарларын орындап, қысқа қажетті жемшөп қорын жасап алды.
Келесі жылғы егіс науқанына қамданған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 758,7 мың гектар егістік жерлерді екінші рет өңдеп жатыр. Арамшөппен күресу мақсатында 3 миллион 732,9 мың гектар алқаптың 85,1 пайызына химиялық өңдеу жүргізілді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар