Қытайлық компанияның гуманитарлық көмегі

Қытайлық компанияның гуманитарлық көмегі

Күн шығыс елінің ауыл шаруашылығы саласындағы белгілі компаниясы біздің облысқа оттегі концентраттары мен қорғаныс респираторларын сыйға тартты.

Қытайлық компания Philips фирмасының екі оттегі концентраты мен екі мың дана респираторлық маскаларды қайтарымсыз негізде сыйға тартты. «Alashankou Caravan Grains and Oils Co., Ltd.» компаниясы – ауыл шаруашылығы кәсіпорны.  Ол қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға жеткізуші ірі импортер болып табылады, біздің елдегі ауыл шаруашылығының сауда және инвестиция саласының жетекші компанияларының бірі.

Өткен жексенбі күні гуманитарлық жүк Көкшетау қаласындағы «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының қоймасына жеткізілді. Бүгін гуманитарлық жүк облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.

Ы.ШАМШИЕВА.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *