Қош, Кәрібай дос!

 

 

 

 

 

 

 

Бауыр болған,
Тәуір болған, досым-ай!
Біраз күнге қоштасамыз осылай.
Жығылмасын
Тіккен туың іләйім,
Құламасын қосың-ай!
Үкілеген
Үлдем де едің,
Бүлдем де.
«Бүлдіргінің»
Бүлдірерін білгем бе?!
Ой-хой, дүние!
От басар деп сен сонда
Ойлап па едім,
Ойнап-күліп жүргенде?!
Беу, базарым,
Салтанатым,
Серім-ай!
Құлағымда
Салған әнің сенің-ай!
Қамыққанда –
Қолдай жүрсін қыдыр-дос,
Жабыққанда –
Жебей жүрсін елің-ай!

Бұл – өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында Алматының темір жол вокзалында Кәрібай Дүсіріпов досымды туған жері – Көкшетауға шығарып салып тұрғанымда, көз жасыммен жазылған өлең жолдары еді. Жалынды жастық шағы өткен аяулы, ару Алматысын, жәудіреп қалып бара жатқан қос қызы – сәбиін жетім жүрек қимай, қатты қиналып тұрған бауырыма басу айтып, берген бата-тілегімдей болған-ды…Бұл – өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында Алматының темір жол вокзалында Кәрібай Дүсіріпов досымды туған жері – Көкшетауға шығарып салып тұрғанымда, көз жасыммен жазылған өлең жолдары еді. Жалынды жастық шағы өткен аяулы, ару Алматысын, жәудіреп қалып бара жатқан қос қызы – сәбиін жетім жүрек қимай, қатты қиналып тұрған бауырыма басу айтып, берген бата-тілегімдей болған-ды…«Ел іші – алтын бесік» деген рас екен, туған жері Кәрібай досымды құшақ жая қарсы алды. Қызметін берді, жаңа қосағын тапты, қара шаңырақтың түтінін түтетті. Қанында бар қасиеттің арқасында қатарының алды болды.Кәрібай – ныспың, – жан сырың хас, хақ,   көңілің жас,Кәрі-жас ұқсын: ән-жырың асқақ, өмірің жаз!..Былайша айтқанда: Кәрекеңнің біз білетін бейне-образы осы. Тасына қашалып жазылатын сөз…Қиындығы мен қызығы бірдей болған көктем мен жазыңды өткеріп, енді ғана мол жемісіңді берер күзіңе жетіп, – кемеліңе келген шағыңда, «Қош, бауырым!» деп кете бардың. Ер жеткен екі азамат ұлың, немерелерің қалды қимай. Біреуінің үйлену тойында – Бурабайда болған едік…Амал не?! Бақыл бол, Кәрібай бауырым! Жаның жәннатта болсын!..

***

Бала күнгі дос-құрбыларды сағынғанда

Елу жыл бітіргелі біз мектепті,
Елу қыс, көктем мен жаз, күз кеп кетті.
Шау тартып,
Шашты қырау шалған кезде
Балалық – балғын шағым іздеп кепті.

Бал шағым!
Әлі күнге сен – аңсарым,
Сен болып шақырады белең-сағым.
Жолымды жарық етсе сәуле-шырақ,
Қалайша үміт еткен сөнер шамым?!

Тебіскен тай-құлындай тетелерім,
Ту етіп
Төбеме енді көтеремін.
Сендермен ойнап-күлген сол бір кезге
Бұл күнді айырбастап кетер едім!..

Туған жер!
Туған елім, дарасың да,
Бұлақтан қанша ішсең қанасың ба?!
Алатау асқақтаған айбарлы рас,–
Жетпейді сонда-дағы «Қарашыңға!»

Өлең боп құйылатын өзегіңе –
Не жетсін өз жеріңе,
Өз еліңе!
Жетісу жеті өзені жатса да ағып,
Жетпейді «Ақанборлық» өзеніме!

Жүрсе де
Жат елде ұқсап нақ төреге,
Әркім-ақ өскен жерін бақ көре ме!..
Медеудің аты әлемге мәлім, мейлі, –
Жетпейді «Тауасты» мен «Ақтөбеме!»

Тұрған соң
Маған ұнап, саған ұнап,
Табынып тау-тасына даланың-ақ,
Сабалып жеттіңдер ме, жарқындарым,
Сағынтқан туған жердің самалын ап?!

Аман ба
Алтындайын ұл-қыздарың –
Ай-күнің, маңдайдағы жұлдыздарың?
Алқынып жеттіңдер ме алып-ұшып,
Артынып туған жердің дәм-тұздарын?!
Сабылар сан тараптан түлектерің,
Сағыныш күйі кернеп жүректерін.
Сарқылмас перзентіңнің жыр-бұлағы,
Ақтарған алғысы мен тілектерін.

Тірліктің күйбеңінен шаршағасын,
Табардай жас күніңді жар саласың.
Түсіме кіреді ылғи дариға қыз –
Кешегі, беу, қара көз парталасым!..

Өшпес от өміріңе жағайын бір,
Өлеңнен өңіріңе тағайын гүл.
Алыстан ат арытып келген досты,
Аунатып Алатауға алайын бір!

Сендермен сауық-сайран құрайын бір,
Сендермен кіргендей-ау шырайым бір.
Мерейің биік болсын деп, достарым,
Медеуге және алып шығайын бір.

Бастайын «Арасандай» ақ сарайға,
Бағы мен бауы миуа – бақша-жайға.
«Борлықта» балықтайын жүзген досты,
Батырып алайын бір Қапшағайға…

Алғы күн тарта ма сый,
Арта ма сын, –
Қуаныш, қызығымыз тарқамасын.
Тең басып,
Төрт көзіміз болсын түгел,
Тең-құрбым,
Кластасым,
Парталасым!

Мұхамедия Жұмағалиев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар