Табиғи байлықты көздің қарашығындай қорғайық!

Ақмола облысының жануарлар дүниесінің саны қашан да бірқалыпты айтарлықтай сан алуандығымен ерекшеленеді. Облыс аумағында табиғи еркіндік жағдайында ұдайы тұяқты жануарлар түрі (бұлан, бұғы, қабан, елік, киік, арқар), сондай-ақ, мамық жүнді жабайы жануарлар: сілеусін, түлкі, борсық, қарсақ, қасқыр, байбақ суыр, қояндар, су тышқаны, суда жүзетін құстар (қаздар, үйректер, қасқалдақтар) мекен етеді. Өңірдің аңшылық алқаптары 12,2 миллион гектарды құрайды. Жануарлар дүниесі объектiлерiн орнықты пайдалану, мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау мен өсiмiн молайту жөнiндегi шаруашылық қызметі аңшылық шаруашылығы болып табылады. Жабайы жануарлар санын арттыру және сақтау, олардың мекен етуіне қолайлы жағдай жасау, браконьерлікпен күресті күшейту, сондай-ақ, аң аулауды тиісті тәртіпке келтіру үшін аңшылық шаруашылығының субъектілерімен 666 адамнан тұратын қорықшылық қызмет құрылды.

Әрбір қорықшыға қорықшылық учаскесі бекітіліп берілді, оның аумағы аңшылық шаруашылығының санатымен белгіленген. Қорықшылық қызмет алға қойған міндеттерді орындау үшін 779 көлік құралдарымен қамтамасыз етілген. Аңшылық шаруашылығының нысандарында жануарлар дүниесін күзету үшін 92 074 469 теңге жұмсалды. Жануарлар дүниесінің оңтайлы саны мен оның объектілерінің тұрақты пайдалануды арттыру және қолдау мақсатында аңшылық шаруашылығының субъектілері бірқатар биотехникалық іс-шара өткізеді, атап айтқанда, 7802 биотехникалық құрылыс (астауша, қоректендіру алаңы, сортаңдар және т.б.) орнатылды. 2019 жылдың соңында облыстың кейбір аудандарында қардың жаууы, оның үстіне табиғи жемшөптің аздығы жануарларға сынақ болды. Осылайша пайдаланушылар биотехникалық іс-шаралар өткізуге 197 008 455 теңге, оның ішінде жемшөп дайындауға 68 856 891 теңге жұмсады. Өкінішке орай, аңшылық шаруашылықтарының көбі тек қысқы аяздарда және жануарлардың бір-екі түрін ғана қоректендірумен шектеледі. Тек ең қатты қыс айларында жануарлар үшін жемдерді қою жабайы құстардың сақталуын қамтамасыз етпейді. Алдын ала азықтандыруға үйренбеген жануарлар өздері үшін дайындалған жемдерге жақын жерлерде өлуі мүмкін. Сондай-ақ, жануарлар төлді тамақтандыру кезінде су тасқыны немесе құрғақшылықта азықтың жетіспеушілігін сезінуі мүмкін. Сондықтан, жануарларды жүйелі түрде азықтандыру қажет, ол жабайы жануарларды көршілес жерлерге көшуден ұстап тұруға қосымша мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен 2023 жылға дейін киіктерді пайдалануына тыйым салынды. Сондай-ақ, 15 сәуірден 15 мамырға дейін облыс аумағында табиғатты қорғаудың ауқымды «Киік» акциясы өткізілді. Ақмола облысы прокуратурасының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің шешімімен 2019-2020 жылдарға арналған Ақмола облысы аумағында браконьерлікке қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жыл басынан бері Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторларымен табиғатты қорғау заңнамасының бұзушылықтарының алдын алу мақсатында 1431 рейдтік іс- шаралар өткізіліп, 421 заң бұзушылық анықталды, 114 браконьерлік қару тәркіленді, 395 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 5 178 600 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында табиғатты қорғау тақырыбында 17 мақала жарияланды. Ағымдағы жылы облыс аумағында 11 қылмыстық іс қозғалды, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығына байланысты 5 қылмыстық іс тоқтатылды. Ағымдағы жылдың мамыр айында Сандықтау аудандық сотының үкімімен И.В.Фанин мен Д.В.Валов 3 жылға аң аулау құқығынан айырылды, 1,5 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жазалау тағайындалды. Екі елікті заңсыз аулағаны үшін 1 325 500 теңге сомасындағы залалды өтеу туралы инспекцияның талап арызын қанағаттандырды. Жануарлар дүниесіне келтірілген барлық залал 7 641 447 теңгені құрады. Тағы бір фактіні атап өтсек, 2019 жылы 23 шілдеде Жарқайың ауданы аумағында киіктер заңсыз ауланған. Браконьерлердің заңсыз іс-әрекеттерінің салдарынан «Охотзоопром ӨҚ» кәсіпорыны филиалының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы К.С. Нуртазинов о дүниелік болды, ал екінші инспектор С.К.Оспанов ауыр жараланды. Наурыз айында қоғам назарына ілінген қылмыстық іс бойынша сот аяқталды. 2020 жылдың 4 наурызында Ақмола облысының қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша Бонякевич Анатолий Анатольевич он сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен сотталушыдан 5 681 250 теңге мөлшерінде мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алу туралы инспекцияның талап арызы қанағаттандырылды. Жануарлар дүниесін молайту үшін мемлекет тарапынан бақылауды қатаңдату бойынша бір шара аз, сондай-ақ, бұған бейжай қарамайтын азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің, волонтерлердің жануарлар дүниесін тұрақты пайдалануға қатысуы және табиғи байлықты болашақ ұрпаққа мұра етуі қажет.
Нығмет ҚАУАШЕВ,
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар