Қарқын ала бастады

Аудан диқандары биылғы ырыздық дәнін ысырапсыз жинап алуға бел буған.

Көктемде  381300 гектар алқапқа тұқым себілген еді. Жауапты науқанға  жүзге жуық жаңа комбайн жұмылдырылды.  Бұл да жұмыстың жылдам әрі сапалы жүргізілуіне септігін тигізбек. Қыркүйек айының басында іске кіріскен диқандар ауа райының әрбір қолайлы сәтін тиімді пайдаланып, қарқынға қарқын қосуда. Бір тәулікте 20-21 мың гектар астық бастырылып, өнім түсімі 7,3 центнерден айналуда. Қазіргі кезде егінжай алқабы мен қырман басында жұмыс қыза түсуде. Әсіресе, «Полтавка-2», «Атбасарская Нива» серіктестіктері көш басында келеді. Аудан бойынша 10 элеватор, 32 механикаландырылған қырман, 93 қойма астық қабылдауға кірісті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар