31-ші шілде, 1-2-ші тамыз күндері Құрбан Айт мейрамы

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Келе жатқан халқымыздың рухани бай мұрасының ажырамас бөлігі болып табылатын қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар.
Құрбан айт әлемдегі ең бейбітшілік сүйгіш діндердің бірі саналатын ислам дінінің негізгі діңгегі мен рухани жаңғыруларын бойына жинақтаған ұлық мейрам.
Қазіргі күні бір жарым миллиардтай адамды қамтып отырған мұсылман қауымдастығы осы қасиетті мейрам қарсаңында мұсылмандарды және барша адамзатты достық пен бірлікке, өзара түсіністік пен сыйластыққа шақырады.
Құрбан айт мейрамында шалынатын құрбандық Жаратқанға деген ақ алғыс пен адамның ішкі жан дүниесін тазартуға деген ниетін, мұқтаж жандарға деген жанашырлық пен қайырымдылық танытуға ұмтылысын білдіреді.
Биылғы Құрбан айт мейрамы өткен жылдардағыдан өзгеше жағдайда өткелі отыр. Қатерлі жұқпалы дерттің Ақмола облысының тұрғындарының арасында белең алуына жол бермеу мақсатында көпшілік жиналатын және курортты аймақтарда карантин шаралары күшейтілді. Азаматтарымыздың денсаулығы мен әлеуметтік қауіпсіздігін қорғау жұмыстарына медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен коммуналдық сала қызметкерлері, еріктілер жұмылдырылуда. Мереке күндері де өздеріне жүктелген жауапты міндетті орындап, қызмет орындарынан кетпейтін жандарға айтар алғысым зор.
Қасиетті Құрбан айт мейрамы жүректерді қуаныш пен мейірімге толтырып, рухани тазалығымызды сақтауға көмегін тигізе берсін, игілік пен жаңа бастамаларға жол ашсын. Әр шаңыраққа бақыт пен бейбітшілік, жақсылық пен молшылық тілеймін!

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *