Карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзарту тапсырылды

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты түйткілді мәселелер жөнінде кеңес өткізді.

Премьер-Министр Асқар Мамин Президентке 5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендегенін баяндады. Бір күнде індет жұқтыратын адамдардың саны 1500-1600 аралығында тұрақтаған. Стационарлардағы емделушілердің қатары 43 пайызға, оның ішінде, реанимациялық палаталардағы науқастар саны 27 пайызға азайған. Сауығып шыққандардың саны 63 пайызға дейін өскен. Жедел-жәрдем шақыру жағдайы төмендеген. Осылайша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жүктеме көрсеткішін төмендетуге қол жеткізілген.
Мемлекет басшысы коронавирус індетіне шалдығушылардың және соның салдарынан болатын өлім-жітімнің көрсеткішін одан әрі төмендетудің аса маңызды екенін атап өтті. Шілде айында енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі арттыру мақсатында, сондай-ақ, Қазақстандағы және шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсу ықтималдығын ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды.

***

Ақмола облысы бойынша 316 өкпені қолдан желдеткіш, 200 концентраторлар аппараты бар. Облыстық бюджеттен 150 оттегі концентраторын, екі оттегі станциясын, 1,5 мың пульсоксиметр, екі оттегі жеткізу жүйесін, 4 рентген аппарат және басқа да құралдарды сатып алуға қаржы бөлінді.

(НҰР-СҰЛТАН. 28 шілде 2020 жыл) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзге де бірқатар қалар мен облыстардың әкімдерімен бірге телефон байланысы арқылы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңіріміздегі эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады.

Жалпы облысымызда коронавирус инфекциясымен ауырған 2422 адам тіркелді, 469 адам жазылып шықты. Пациенттерді емдеу 11 инфекциялық және 26 провизорлық стационарлар базасында жүргізілуде. Соңғы үш аптада төсек-орын қоры 647-ден
2 223 төсек-орынға дейін өсті, олардың ауқымы 45 пайызға толтырылды. Жалпы, төсек-орын қорын 5 мың орынға дейін арттыру бойынша шаралар қолданылуда.
«Үйдегі стационар» жобасы шеңберінде емхана дәрігерлері онлайн-консультациялар, виртуальды консилиумдар жүргізуде (1000-нан аса онлайн консультациялар), ол жедел жәрдем шақыруды 26 пайыз қысқартуға мүмкіндік берді. Денсаулық сақтау ұйымдары жеке қорғаныс құралдарымен толық көлемде қамтамасыз етілген, олардың дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі 30 күнді құрайды. Коронавирус инфекциясына тестілеу және диагностикалауға 4 зертхана жұмылдырылған. 80 мыңға жуық тестілер өткізілді. Жалпы, облыс бойынша бүгінгі таңда 316 өкпені қолдан желдеткіш, 200 концентраторлар аппараты бар. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 150 оттегі концентраторын, екі оттегі станциясын, 1,5 мың пульсоксиметр, екі оттегі жеткізу жүйесін, 4 рентген аппарат және басқа да құралдарды сатып алуға қаржы бөлінді. Көкшетау қаласында тез құрылатын 200 орындық инфекциялы госпиталь құрылысын бастауға дайындық жұмыстары басталды. Нысанды пайдалануға енгізу ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған. Өңірдің жағажай аймақтарында демалушылардың көп жиналуын шектеу мақсатында бас санитарлық дәрігердің карантиндік іс-шараларды күшейту туралы қаулысы қабылданды. Жалпы атқарылған шаралардың нәтижесінде COVID-19 дертін жұқтырудың тәуліктік өсу қарқыны 3,6 есе кеміді. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар