«Үздік ауыл әкімі» байқауының аумақтық кезеңінің жеңімпазы анықталды

Ақмола облысында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының аумақтық кезеңі аяқталып, оған қатысушылар ауылдық елді-мекендерде өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларын қорғап, экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді боларлықтай ауылды тұрақты дамыту жөніндегі ұсыныстарын енгізді.

Үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамның өкілдерінен құралған аумақтық комиссия мүшелерінің пікірінше, ұсынылған жобалардың барлығы ауыл халқының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандықтан тиімді және жүзеге асыруға тұрарлық.

Биылғы жылдың 27 шілдесінде конкурсқа қатысушылар әңгімелесуден өтіп, жобаларын қорғады. Конкурстық комиссияның шешімімен конкурстың бірінші кезеңіне қатысқан 7 қатысушының ішінен Целиноград ауданының Мәншүк ауылының әкімі Ғани Қуантайұлы Исаев республикалық кезеңге ұсынылды.

Ғани Қуантайұлының жұмыс істеген жылдарында ауылда бірқатар әлеуметтік нысандар, спорт алаңдары құрылып, «BI Group» инвестициялық-құрылыс холдингінің қолдауымен педагогтар үшін жатақхана салынды, «Мәншүк-АЭ» ЖШС-нің қаржылық қолдауымен жаңа балабақша салынып, қажетті құрылғылармен жабдықталды, сумен және жарықпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді, ауыл ішіндегі төрт көшеге күрделі жөндеу жасалды. Сонымен қатар оптикалық-талшықты желі орнатып, ауылдағы ұялы байланысты жақсарту, 3G,4G интернетін қосу, тұрмыс үйінің құрылысын жүргізу, сүт фермасын салу сияқты маңызды жоспарлар бар. Мұның үстіне, Ғани Исаев ауылдың қоғамдық өміріне белсенді араласып, азаматтардың барлық шығармашылық бастамаларына қолдау көрсетуде.

Оған сәттілік пен шығармашылық табыстар тілейміз. Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді ден қоюға бағытталуы тиіс деп атап өткен еді. Ал, ауыл әкімі болса – ол әрқашан халықпен тікелей байланыста болатын адам, оның қызметінің басты бөлігі – халықтың әл-ауқатын жақсарту, өзекті мәселелер бойынша уақытылы әрі сапалы шешім қабылдау болып табылады.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар