Астана мерейтой құшағында

Ертең Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Астанада ауқымды мәдени шаралар басталады. Басты салтанатты шара «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда өтпекші.

11-13 қыркүйек аралығында «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда үлкен этноауыл ашылады. Қазақстанның барлық өңірлерінің қатысуымен халықтық серуен ұйымдастырылады.
– Республикамыздың әрбір өңірі Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына үздік хореографиялық ұжымдардың, этнографиялық ансамбльдердің, халық және эстрада жанрлары солистерінің қатысуымен бір жарым сағаттық мәдени бағдарлама ұсынады, – деді Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде.  «Қазақ Елі» алаңында 50 киіз үй тігіледі, екі үлкен сахна, спорттық алаңдар, алтыбақандар, тайқазандар және тағы басқа жабдықтар орнатылады. Этноауылда ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда, қазақ күресі, арқан тарту, тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді. Мерекелік шаралар бағдарламасына сондай-ақ, сәндік-қолданбалы өнердің көрме-жәрмеңкесі, халық шеберлерінің шеберлік дәрістері, үздік шығармашылық ұжымдардың концерттері, сонымен қатар, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт енгізілді.
Бұл бүкілхалықтық мерекелік шараларға Ақмола облысы да белсене атсалыспақшы. Зиялы қауым, қоғамдық жұртшылық, оқу орындары мен этно-мәдени орталықтардың өкілдерінен жасақталған облыс делегациясы Мемлекет басшысының қатысуымен Тәуелсіздік сарайында өтетін салтанатты жиналыстың куәгерлері болатын болса, өнерпаздарымыз, ұлттық спорт пен халық өнерін, салт-дәстүрін насихаттаушыларымыздың үлкен тобы этноауылда ақмолалықтардың ауылын құрып,  астаналықтар мен қонақтар алдында өз өнерлері мен шеберліктерін паш етеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар