Ойдағыдай шығамыз

Бүгінгі таңда әлемдік эконо-микадағы жағдай нашарлап, дағдарыс етек алып отырғаны белгілі. Бұл біздің елге де салқынын тигізіп, Үкімет еркін теңге бағамына көшкеніміз туралы мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Елбасы ел экономикасына үлкен қауіп төніп тұрғанын ескерткен болатын. Дүниежүзіндегі экономикалық ахуалдың нашарлауынан Қазақстан сататын барлық түсті металдың бағасы 30 пайызға төмендеді. Мысалы биылғы жылы мыстың бір тоннасының бағасы 6300 доллардан 5100 долларға дейін құлдырады. Оның үстіне Қытай мен Ресейдің сатып алу қабілеті төмендеп, ел нарығы қысқарды. Осылайша, Қазақстанды қаржылық қиындық екі бүйірден қысқалы тұр. Әлемдік мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты бюджеттің түсімі де азайып кетті. Мұнай бағасы былтырғы маусымдағы 115 долларлық шекті мөлшерден 48,5 долларға дейін төмендеді.
Сондай-ақ, бұл дағдарыс еліміздегі бүкіл өнеркәсіпке кері әсер етуде. Мәселен, өңір кәсіпкерлері Ресейден арзан ағаш, темір, автокөлік, азық-түлік та-уарлары мен құрылыс материалдарын тасымалдайды. Бұл жағдай жергілікті кәсіпорындардың жұмысына кері әсерін тигізуде. Сұраныстың аздығынан машина жасау саласының жұмысы әлсіреді.  Дегенмен, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтірудің арқасында жұмыс орындарын сақтап қалуға болады. Ендігі үміт биылғы жылы бітік шыққан егінді шашпай-төкпей жинап алуда болып отыр. Астық көп экспортталса, бюджетке де қомақты қаржы түседі.
Еліміздің экономикасын сақтап қалу үшін шұғыл шаралар қолданылуда. Мемлекет басшысы қазіргі жағдайды ескере отырып, Үкіметке қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа үлгісін енгізуді,  мемлекеттік қызметшілердің жалақысы мен мүгедектердің жәрдемақысын, шәкіртақыны көбейтуді қоса қамтитын әлеуметтік бастамаларды іске асыру шарасын 2017 жылдан 2016 жылға ауыстыруды ұсынды. Сондай-ақ, Ұлттық банкке халықтың айырбас бағамының өзгеруінен шеккен шығынын азайту мақсатымен 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдайға сәйкес жеке тұлғалардың теңгемен ашылған және есеп шоттарында 1 миллион теңгеге дейінгі қалдық сомасы бар шұғыл депозиттері үшін өтемақы төлеу тетігін тапсырды.
Бүгінгі таңда өңір әкімдері өздеріндегі штабтарға басшылық жасап, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмектерінің деңгейін арттыру арқылы халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына қолдау шараларын қарастыруда. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер мен қызметтерге бағаның негізсіз өсіміне жол берілмеуде. Бұл жұмыстың барлығы халықтың қамы үшін атқарылып жатыр. Әсіресе, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары  біраз ауыртпалықтарды басымыздан кешкеніміз есте. Ол да халықтың бірлігі арқасында артта қалған. Елімізде ауызбірлік, жағдайды түсінушілік, бәрі де бар. Ендеше, бұл жолғы қиыншылықтардан да ойдағыдай шығамыз.

Марат ЖҰМАБЕКОВ,
облыстық кәсіпкерлер
қауымдастығының сарапшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар