Былтырғыдан асып түскен

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Онда 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы партия бағдарламасының іске асырылу жайы сөз болды. Қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Аяғанов ашқан жиынға партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, партияның аудандық филиалдарының, құқық қорғау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Алдымен, үстіміздегі жылдың алғашқы сегіз айында облысымызда орын алған сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық әрекеттер жайлы мәліметтер келтіріліп өтті. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласының мамандары берген мәліметтерге сүйенсек, өткен жылғымен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық әрекеттер 74 пайызға өскен. Алайда, бұл жыл санап қылмыстың осы түрі ұлғайып келе жатыр  деген сөз емес. Заң бұзушылық көрсеткіштерінің артуына тіркеу жүйесіне енгізілген өзгерістер себеп болып отыр. Бұрындары кейбір олқылықтарға көз жұмып қарап, оларды тіркемесек, жаңа қылмыстық кодекс-ке сәйкес, кез-келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзбеушілік қағидасы қолданылуда.
Сондай-ақ, жиында сыбайлас жемқорлық фактілері көбінесе әкімдікте жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер мен полицейлер арасында орын алатыны да айтылды. Биыл жиырма қылмыстық іс сотқа жіберіліп, нәтижесінде алты тұлғаға 41 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Тағы жиырма қызметкер лауазымын асыра пайдаланып, парақорлыққа жол бергені үшін жұмысынан босатылған. Мұндай фактілер, әсіресе, Бұланды ауданында көп тіркелген екен. Сондықтан, жиында партияның  аудандық филиалдарына өз өңірлерінде болып жатқан жайттарға бейжай қарамай, партия тарапынан әрекет жасау тапсырылды.  
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар