Ақорда. Президент

Ақорда. Президент

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливандағы Бейрут қаласының портында бірнеше жойқын жарылыс туралы ақпарат алғаннан кейін Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді. Министр Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр.
Дипломаттарымыз олармен байланыста, қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей, дипломатиялық миссия кеңсесіне де жарылыстың зияны тиген болатын. Ол алдағы уақытта қалпына келтіріледі. Қызметкерлеріміз бен олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ. Ливанда БҰҰ бітімгершілік контингенті бар. Оның құрамына 120 қазақстандық жауынгер кіреді. Қазір оларды ротациялау процесі жүріп жатыр және күні кеше ғана қазақстандық бітімгерлер қызмет ететін орындарына аман-есен жетті», – деді министр.
Қазақстанның Ливандағы бітімгершілік миссиясы 2018 жылдың қазан айында БҰҰ-ның мандатына сәйкес, Ливанда қазақстандық және үнді бітімгерлерін бірлесіп өрістету туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін басталды.
Осы айдың басында ғана Қазақстан Ливанға төртінші бітімгерлер тобын жіберген еді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Бейруттағы жарылыс салдарынан қазақстандық бітімгерлер зардап шеккен жоқ. Қазір Ливанда қаза тапқандар саны 70-ке жеткенін, 4 мыңға жуық тұрғын жарақат алған.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *