Бурабайда қоқыс төгетін арнайы орын жоқ

Қазақстан Республикасының Экология министрлігінің мамандары журналистермен және блогерлермен бірлесіп, Бурабай мен Зеренді курорттық аймақтарына заңсыз қоқыс орындарын анықтау жөнінде рейд ұйымдастырды. Рейд барысында рұқсат етілмеген осы қоқыс орындары жөнінде бейнетүсірілім дайындалды.

Бұған дейін Экология министрлігі елдегі стихиялық қоқыс проблемалары және рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастайтын ел азаматтары мен компаниялардың заңнан тыс әрекеті туралы хабарлап еді. Жақында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та халықтың экологиялық мәдениеті жөнінде айтып өтіп, мектептерде тиісті пән енгізу қажеттілігі туралы айтқан болатын.
Тағы бір үлкен проблема – Щучинск, Бурабай және басқа да елді мекендердің, ірі демалыс орындарының жанында рұқсат етілген полигондардың болмауы.
Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасовтың айтуынша, қолданыстағы полигондар көбінесе заңсыз, санитарлық нормаларға сәйкес келмейді, жол бойында жиі орналасады, өртеніп жатады. Сонымен қатар, халықтан қоқыс шығару үшін жиналған ақшаның қайда кететіні белгісіз, дейді Комитет басшысы. 2015 жылы Экология министрлігі үлкен айыппұл сала отырып, Бурабай маңындағы рұқсат етілмеген полигонның қызметін тоқтатқан.
–Жергілікті әкімдік басқа ауылдық округте жаңа полигон салуға уәде берді. Бірақ, бұл мәселенің шешімі кешеуілдеуде, – дейді З.Жолдасов осы мәселеге байланысты.
Сондай-ақ, оның айтуынша, кейбір елді мекендер мен демалыс базаларында тазарту қондырғылары жоқ болғандықтан, экологиялық жағдай нашарлауда. Соның бірі – Қазақстанның ең көрікті жері – Бурабай.
«Бурабай, Зеренді және Щучинскіде тазарту қондырғысы салынғанымен, пайдалануға берілмеген. Жалпы, бұл стихиялық қоқыстардың пайда болуына әкеліп соғады. Халық қалдықтарды далаға тастауға мәжбүр», – дейді Комитет басшысы.
Экология министрлігі бұл мәселені жергілікті әкімдіктердің алдына қойып, қабылданған стандарттарға сәйкес келетін жаңа полигондар мен тазарту нысандарын салу туралы оң шешім іздеуде.
Сонымен бірге, министрлік бірнеше рет дабыл қағып, азаматтарды демалыс орындарында қоқысты стихиялық қоқыс орнына тастамай, өздерімен бірге алып кетуге шақырған еді.
Экология министрлігінің Қазақстан Республикасының полиция мамандарымен, қорғалатын табиғи аумақ инспекторларымен, қоғам белсенділерімен және журналистермен бірлескен демалыс орындарына рейдтері бүкіл Қазақстан бойынша жаздың соңына дейін демалыс күндері туристердің осында жаппай келуі маусымында жалғасады. Сонымен бірге, егер экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталса, заң бұзушыларға айыппұл салуға дейін қатаң шаралар қолданылады, – деп хабарлады министрлік.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар